10 сентября 2020 | 12:43

Министр екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Әлеуметтік желіден

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Желіде фотосы тараған екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Желіде фотосы тараған екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Интернет сапасына қатысты проблемалар бар. Бірақ мұның бәрі инфрақұрылымдық жобаларға байланысты және қысқа уақытта іске асыру мүмкін емес екенін түсінуіміз керек. 

Реклама
Реклама

Желіде белгілі бір елді мекенде интернет жоқ және балалар сабақ оқи алмай, үйдің төбесіне шығып оқып жатыр деген ақпарат тарады. Республика бойынша интернет мәселесін шеше алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ дәл осы жағдайға байланысты айтар болсақ, оқиға Ескене ауылында болған. Ол жерде адам аз. Сол жерде қашықтан оқуға тырысқан бала жақын маңдағы интернатта оқуы керек болатын. Яғни, қалған балалар мектепке барып сабақ оқиды. Бірнеше бала қашықтан оқуды таңдаған. 20 үй тұр. Әрине, бұл - алыс. Қуанышқа орай, теміржол станциясына жақын орналасқан. Қазір сол жақтан интернет тартып жатырмыз", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министр мәселені шешу үшін арнайы жоспар керегін атап өтті. Себебі интернетті операторлар жеткізеді, ал министрлік бақылайды. Енді ведомство арнайы сайт жасапты. Тұрғындар сайтқа кіріп, интернеттің әлсіз екенін хабарлай алады. Министрлік хабарды алғаннан кейін байланыс операторларымен жұмыс істейді.

"Бірақ осындай фактілер анықталғанда ұсыныс дайындадық. Арнайы bailanys.bar веб-сайтын әзірледік. Ол интернет сигналының төмен екенін тіркейді. Сайтқа кіргенде байланыс сигналын тіркеу батырмасын басу керек. Содан кейін министрліктің деректер базасына бірден ақпарат түседі. Мынадай елді мекенде, дәл осы геолокацияда байланыс нашар деген мәлімет аламыз. 

Біз операторларға лицензия бердік. Мобильді операторлар, белгіленген байланыс операторлары бар. Олар белгілі бір шартқа сәйкес сапалы байланыс ұсыну керек. Біз тек сапасын бақылауымыз керек. Міне, бақылау үшін осы сайтты іске қостық. Яғни, тұрғындар интернет жылдамдығын тексере алады. Мәлімет алған соң әрі қарай қалай жұмыс істеуді жоспарлаймыз. Себебі ел үлкен және операторлардың мүмкіндігіне қарай жоспарды тездетуіміз керек", - деді Бағдат Мусин.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданы Ескене ауылында екі баланың үйдің төбесіне шығып сабақ оқып отырған фотосы тараған болатын. Қазақстандықтар елдегі интернет сапасының нашар екенін айтып шағымданды.

Сондай-ақ бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болатынын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная