ПОДЕЛИТЬСЯ
03 февраля 2020 | 16:51
Министр елордадағы түтін мәселесін бір ғана жолмен шешуге болатынын айтты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтанға газ құбырын тарту арқылы қаладағы түтін мәселесін шешуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтанға газ құбырын тарту арқылы қаладағы түтін мәселесін шешуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін мәжілісте ҚР парламенті мәжілісінің экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды. Маңызды құжатты депутаттарға экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев түсіндірді.
Отырыс барысында "Бірлік" партиясының мүшесі Нахипбек Сәдуақасов ведомство басшысына сауал қойды.
"Мағзұм Маратұлы, Алматыдағы экологиялық мәселені білеміз. Алайда Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанды да түтін басатын болды. Бұл тұрғындарды алаңдатып отыр. Елорда - елдің бет-бейнесі іспеттес. Мұны назарға ала отырып, астанада экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?", - деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев бұл мәселені шешудің бір-ақ жолы бар екенін атап өтті.
"Бұл мәселені шешудің бір-ақ жолы бар. Ол қалаға газ құбырын тарту. Нәтижесінде мұндағы біз экологиялық жағдайды жақсарта аламыз. Түбегейлі және жүйелі шараларға тоқталайын. Оның ішінде жаңа технологияларды енгізу де бар. Мысалы, Еуропа елдері жаңа технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаны ластаушы қалдықтардың мөлшерін 94 пайызға азайтты", - деді министр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также