26 августа 2020 13:16

Министр журналистика факультетінде арнайы пән енгізуді ұсынды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: mediazavod.ru

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева болашақ журналистер үшін арнайы пән енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева болашақ журналистер үшін арнайы пән енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, медиа сауат мәселесі өзекті.

Реклама
Реклама

"Себебі, бүгінгі интернет заманында әлеуметтік желілерде көптеген жалған, тексерілмеген ақпарат тарап жатыр. Сондықтан еліміздегі жоғары оқу орындарында журналистика факультетінде медиа және ақпарат сауаттылығы пәнін енгізуді ұсынамын", - деді ол жоғары оқу орындарында кадр даярлау мәселесіне арналған отырыста.

Сондай-ақ, министр жас журналистер мемлекеттік БАҚ-та өндірістік тәжірибеден өте алатынын атап өтті.

"Диплом алып шыққан жас журналистерге тағылатын тағы бір сын олардың практикалық тұрғыда дайын болмауы. Яғни жоғары оқу орнында берілетін теориялық білімнің практикамен ұштаспауы. Көп жағдайда жас мамандар практиканы жұмысқа тұрған соң үйренуге мәжбүр. Осы орайда студенттердің практикалық дағдысын дамыту үшін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистика факультеттерінің студенттерін бірінші курстан бастап мемлекеттік БАҚ-та өндірістік тәжірибеден өткізуге дайын", - деді Аида Балаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram