ПОДЕЛИТЬСЯ
30 апреля 2021 | 12:02
Министр Қазақстанда қашан маскасыз жүруге болатынын айтты
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде маскасыз жүру мүмкіндігі қай кезде қарастырылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде маскасыз жүру мүмкіндігі қай кезде қарастырылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 30 сәуірде халық алдында есеп берген министр халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
"Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - деді Цой.
Айта кетейік, 28 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 1 016 809-ға жеткен, бұл бірінші компонент, ал екінші компонентін салдырғандар саны 205 188-ге жеткен.
Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 26 сәуірде тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын. Бір күннен кейін ол вакцинадан кейінгі жағдайын айтты.
"Вакцина салдырғаннан кейінгі бірінші күн. Жағдайым жақсы, кеше кешке қарай екпе салынған жер сәл ауырды, ертеңгісін жазылды. Бәріне денсаулық тілеймін, вакцина салдыруға күтеміз. Өзіміз бен жақындарымызды қорғайық!", - деп жазды Цой Instagram желісіндегі парақшасында.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также