03 апреля 2020 11:20

Министр қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл жарлықтың негізгі мазмұны - әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға мүмкіндік пен құқық беру. Ал басты мақсат - ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, оны қамтамасыз ету", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, әскерге шақыру 3 айға созылуы мүмкін. 

"Әскери жиын 3 айға созылуы ықтимал. Бірақ оның нақты мерзімін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Олар арнайы қаулымен әскери шақыруды ұйымдастырып, оны ерте аяқтауы мүмкін. Мысалы, кейбір өңірдегі әкімдер әскери жиынды 10 күнде ұйымдастырса, кейбір жерде ол ұзақ уақыт алуы мүмкін", - дейді Нұрлан Ермекбаев. 

Сондай-ақ, ол әскерге шақырылғандар басқа өңірге жіберілмейтінін, олар әскери борышын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтейтінін атап өтті. Осы орайда министр карантин кезінде әскерге шақыру қалай жүргізілетінін айтты.

"Адамдар көп жиналмас үшін механизм әзірленді. Қазір олардың басым бөлігі үйдегі карантинде болды. Сондай-ақ, әскерге шақырылардың алында олар медициналық тексерістен өтеді", - деді ведомство басшысы.

Осыған дейін Қазақстан президентінің әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланған болатын.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 444-ке жетті. 27 науқас індеттен жазылды, 3 адам қайтыс болды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram