04 июня 2020 | 17:58

Министр коронавирус індеті өршіп тұрған өңірлерді атады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов СOVID-19 вирусы өршіп тұрған өңірлерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов СOVID-19 вирусы өршіп тұрған өңірлерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 2 аптада елімізде карантин талабы жеңілдеген соң, кейбір өңірде коронавирус жұқтырған науқастардың саны артқан.

Реклама
Реклама

"Ауру жұқтыру өсімі көтеріліп келе жатыр. Бұл да өте маңызды мәселе. 15-24 мамыр аралығында еліміз бойынша індет жұқтырған 2 800 науқас тіркелді. Ал 25 мамырдан 3 шілдеге дейін 3500 науқас анықталды. Өсім 25 пайызға көтерілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елжан Біртанов індетті жұқтыру өсімі 6 өңірде тіркелгенін атап өтті.

"Жақында ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткіздік. Мысалы, ең жоғары өсім Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында болды. Шығыс Қазақстан облысында да өсім байқалды. Бірақ қазір жағдай қалыпқа келіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында өсім байқалды. Бірақ өсім 2 пайызға төмендеді", - деді ол.

Министр ауруды жұқтыру өсімі Атырау облысында да байқалғанын жеткізді. Мұнда тиісті шаралар қабылданыпты.

"Әр өңірде біз ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті жердегі бас санитар дәрігердің арнайы құқығы бар. Барлығы жағдайға байланысты. Мысалы, Атырау облысы Жылыой ауданындағы "Теңізшевройл" компаниясында ауру жұқтыру өсімі байқалды. Бірақ басқа өңірдегі жағдай дұрыс болған соң тек сол ауданда шектеу шаралары енгізілді", - деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 124-ке жеткен. 6 240 науқас дертінен айықса, 48 адам қайтыс болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная