21 октября 2020 | 10:59

Министр коронавируспен күрес үшін қосымша 238,7 миллиард теңге сұрады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделген. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделген. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл соманы (238,7 миллиард теңгені) 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы енгізуді ұсынды. 

Реклама
Реклама

"Сіздердің қарауыңызға 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылып отыр. Нақтылаудың негізгі міндеті - медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделді.

Олар мынадай бағыттарға жұмсалады:

- карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID – 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 83,2 миллиард теңге;

- ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге – 11,7 миллиард теңге.

Әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 миллиард теңге шығыстар көзделген. Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарланған", - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті.

"Бұдан басқа, бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды. Нәтижесінде республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 185 миллиард теңгеге ұлғайып, 12 триллон теңге көлемінде анықталды", - деді ол.

Министрдің айтуынша, тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 пайыз деңгейінде сақталды.

"Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 205 миллиард теңгеге өсіп, 14,5 триллион теңге болады", - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, бүгін Мәжілістің жалпы отырысына ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қатысып отыр. Депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная