24 сентября 2020 | 10:56

Министр коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адам жұмыссыз қалатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz

COVID-19 вирусының екінші толқыны болса, 162 мың адам жұмыссыз қалып, 2 миллион адам ақысыз демалысқа шығуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 вирусының екінші толқыны болса, 162 мың адам жұмыссыз қалып, 2 миллион адам ақысыз демалысқа шығуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі талқыға салынып жатыр. Жиында министр коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адамға көмек керегін айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгінде COVID-19 пандемиясының еңбек нарығы үшін теріс әсері әлі де бар. Егер коронавирустың екінші толқыны болса және өткендегідей қатаң шектеу шаралары қабылданса, біздің бағалауымыз бойынша жұмыс істеп жүрген 2 мыңнан аса адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін", - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болса, 4 миллион адам жұмыс режимін сақтап қалуы мүмкін.

"Бұл негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау салалары деп болжаймыз. Үштен бірі немесе 2,5 миллион адам қашықтан орындалатын жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. Ал 2 миллион адамға жұмыс уақыты қысқаруы, олар ақылы немесе ақысыз демалысқа шығуы мүмкін. Бұл бірінші кезекте сауда, көлік, тамақтану қызметтері саласындағы жұмыскерлер", - деді министр.

Сонымен қатар, ол пандемия кезінде қанша адам жұмыссыз қалуы ықтимал екенін жеткізді.

"Біздің бағалауымыз бойынша 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді Нұрымбетов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная