ПОДЕЛИТЬСЯ
13 октября 2020 | 09:45
Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңге болған. Игерілмеген қаржының сомасы - 30 миллиард теңге.
"Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді", - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге тоқталды.
"Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы - 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы - 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 0,5 миллиард теңге", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также