ПОДЕЛИТЬСЯ
11 августа 2021 | 09:29
Министр: Вакцина салдырған соң ауырғандардың үлесі небәрі - 0,1 пайыз
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцина алған және алмаған тұрғындардың вирус жұқтыру және өлім үлесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцина алған және алмаған тұрғындардың вирус жұқтыру және өлім үлесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Алексей Цой елімізде вакцина салдырған соң ауырғандардың үлесі небәрі - 0,1 пайыз екенін айтты. Ал екпе алмағандардың 99,9 пайызы вирус жұқтырған.
Өлім жағдайлары бойынша, вакцина алмағандардың үлесі - 97,7 пайыз. Ал вакцина алғандарда - 2,3 пайыз. Бірақ, Цойдың сөзінше, бұл адамдарда ауыр созылмалы аурулары болған.
"Бұл дерек вакцинаның тиімділігін көрсетіп отыр", - деді министр.
Айта кетейік, 2021 жылғы 10 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 879 016 адам, 2-компонентін 4 505 662 адам салдырды.
Показать комментарии
Читайте также