ПОДЕЛИТЬСЯ
03 февраля 2020 | 13:01
Министр зейнет жасын төмендетуге байланысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство басшысының айтуынша, Үкімет бұл мәселені қарастырмайды.
"Үкімет зейнет жасын қыстартуды қарастырмайды. Себебі, Қазақстанда 1998 жылдан бері жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесі енгізілді. Оған байланысты ерте зейнетке шығуға болмайды. Қазіргі таңда ерлер 63 жасында, ал әйелдер 59,5 жасында зейнетке шығады", - деді Біржан Нұрымбетов үкімет кулуарында журналистерге.
Оның айтуынша, зейнетақы заңнамасында ерте зейнетке шығуға байланысты
екі жеңілдік бар.
"Ол 5 баланы дүниені әкеліп, 8 жасқа дейін тәрбиелеген аналар. Олар 53 жасында зейнетке шығады. Сондай-ақ Семей ядролық полигонына қатысты. Яғни төтенше өңірлерде 1949 жылдан 1963 жылға дейін өмір сүргендер. Мұндағы ер адамдар 50 жасында, әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады деген заңда норма бар. Ал енді жалпы зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылмайды", - деп түйіндеді сөзін министр.
Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та мұғалімдердің, кеншілердің зейнет жасын қысқарту мәселесі көтерілген болатын.
Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз
Еске салайық, елімізде ерлер үшін биылғы зейнеткерлік жас - 63, әйелдер үшін - 59 жас 6 ай. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11-бабы бойынша, әйелдер үшін зейнет жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріліп отырады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:
2018 жылғы 1 қаңтардан - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан - 63 жасқа толғанда.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также