03 февраля 2022 | 14:08

Министрге жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналист министрге "Қазақстанда бірде-бір министр үлгі көрсетіп автокөлік иелеріне көрсетілетін отын мен сервис сапасын тексеру үшін жанармай станцияларын тексерген жоқ. Сіз өзіңіз сондай тренд қалыптастырып, жеке өзіңіз ең болмаса астанадағы жанармай станцияларын тексеруге дайынсыз ба?" деп сұрақ қойды. 

Болат Ақшолақов әріптестерімен бірге барып тексеруіне болатынын айтты. 

Реклама
Реклама

"Бірақ, өкінішке қарай, заң бойынша бізде ондай құзырет жоқ. Оған жауапты Техникалық реттеу және метрология комитеті бар. Яғни біз айтып отырған жұмысқа сол комитет уәкілетті. Бірақ қаласаңыздар, комитетпен бірге барып, тексерсек болады", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, 6 қаңтарда Қазақстан аумағында жанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу үшін 180 күнге шекті бағалар белгіленген болатын. 

Мысалы Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында 50 теңгеден/литрі, Шымкент қаласы мен ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 60 теңгеден/литрі, Алматыда 65 теңгеден/литрі, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстарында 70 теңгеден/литрі сатылады. 

Еске салайық, Болат Ақшолақов биыл 11 қаңтарда энергетика министрі қызметіне тағайындалған еді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная