ПОДЕЛИТЬСЯ
20 февраля 2020 | 18:56
Министрлік қай өңірлерде полицейлер пара алмайтынын айтты
2020 жылы полицияның 16 қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметі департаментінің басшысы Арман Саданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2020 жылы полицияның 16 қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметі департаментінің басшысы Арман Саданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ішкі істер министрлігі биыл жемқорлықпен күресті күшейткен.
"2020 жылдың 20 ақпанына дейін 16 полиция қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Олардың арасында жол-патрульдік полициясының қызметкерлері, тергеушілер, сондай-ақ ҚАЖ комитеті құрамындағы мекемелердің өкілдері де бар. Статистикалық ақпаратқа сәйкес, әр өңірде бір адамнан анықталды", - деді ол ІІМ-де өткен брифингтен кейін.
Сонымен қатар, Арман Саданов тәртіп сақшылары алатын параның ең жоғары сомасын атап өтті.
"Параның ең жоғары сомасы - 100 мың теңге. Сонымен қатар, кеше Петропавлда 2 миллион теңге сомасында полицейдің пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Ол істі жабу үшін арызданушылардан осындай ақшаны талап еткен", - деді ол.
Сонымен қатар департамент басшысы қай өңірлерде полицейлердің пара алмайтынын айтты.
"Биыл Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында пара алу дерегі тіркелмеді", - деп түйіндеді сөзін Арман Саданов.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также