ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сентября 2020 | 12:48
Министрлік өкілі бұрынғы вице-министр Әбішевке қатысты тергеу барысы туралы айтты
Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бюджет қаржысын жымқыру мәселесі де қырағы бақылауда. Осы мақсатта Бас прокуратурамен бірігіп, "Қазына" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді. Осылайша, мемлекеттік сатып алу сайтында жеңіске жеткен 90 сенімсіз жеңімпаз анықталды. Олар бір күндік фирмалармен 63 миллиард теңгеге сауда жасаған. Олар бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Жанат Элиманов бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын атап өтті.
"Ол ақпараттық жүйені құруға бөлінген 500 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр. Сот санкциясымен ол қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ, комитет төрағасы Әбішев бұл қылмысты 2018 жылы, коронавирус пандемиясына дейін жасағанын жеткізді.
Еске салайық, Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также