19 мая 2020 | 17:01

Мұғалім, министр, 3 баланың әкесі. Сіз кімсіз, Жамаубаев мырза?

Кеше Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметте Әлихан Смайыловты алмастырған. Жамаубаев еңбек жолында министр қызметіне алғаш тағайындалып отыр. Tengrinews.kz тілшісі жаңа қаржы министрінің өмірі мен еңбек жолы туралы деректер жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметте Әлихан Смайыловты алмастырған. Жамаубаев еңбек жолында министр қызметіне алғаш тағайындалып отыр. Tengrinews.kz тілшісі жаңа қаржы министрінің өмірі мен еңбек жолы туралы деректер жинады.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

21 жасында Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін де білім жолын жалғастыра берген. Мысалы, 2009 жылы 35 жасында Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі халықаралық бизнес мектебінің "Стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша магистр атанған.

Одан бөлек, қаржы саласында Еуропа елдерінің ұйымдары мен банктерінде тағылымдамадан өткен.

Министр еңбек жолын мұғалім ретінде бастаған. Өзі оқыған Қазақ мемлекеттік басқару академиясында 1996 жылдан бастап екі жыл мұғалім ретінде қызмет еткен.

1998 жылы оның мемлекеттік қызметтегі карьерасы басталған. Сол кезде Қазақстан Ұлттық банкіне жұмысқа тұрады. Мұнда ол жетекші сарапшы қызметінен бас сарапшы, басқарма басшысы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары қызметіне дейін өседі. Бұл қызметтерге ол сегіз жылын арнаған.

Ал 2006 жылы Ұлттық банк Координация департаментінің директоры қызметіне тағайындалып, онда тағы сегіз жыл жұмыс істейді.

2014-2015 жылдар арасында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" басқарады. Кейінгі үш жылын Президент Әкімшілігі бөлімінде өткізген.

2018 жылдың қарашасында Президент көмекшісі қызметінен тағайындалып, сонда бес айға жуық уақыт жұмыс істейді. Ал былтыр наурызда Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне кіріседі. Ал биылғы 18 мамырдан бастап ол осы министрлікті басқарады. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметте 22 жыл тер төгіп келеді.

Ерұлан Жамаубаев түрлі орден, медальмен марапатталған. Оның ішінде "Құрмет" ордені, "ҚР Ұлттық Банкіне еңбегі сіңген қызметкер" белгісі, "Ерен еңбегі үшін", "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медальдары бар. Одан бөлек Тәуелсіздікке 20 жыл, теңгеге 20 жыл, Астанаға 20 жыл болған кезде мерейтойлық медальдар таққан.

Министр әлеуметтік желіге тіркелмеген. Жеке өмірі туралы да ақпарат жоқтың қасы. Белгілісі - үйленген, үш баласы бар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная