16 февраля 2022 | 16:01

"Мұғалімдерді газетке жаздырған, көше сыпыртқан". Министр 700-ге жуық басшы жазаланғанын айтты

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Былтыр мұғалімдердің құқығын бұзған 700-ге жуық басшы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Былтыр мұғалімдердің құқығын бұзған 700-ге жуық басшы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Министр бүгінде педагогтерге жасалған жағдай туралы айтты. 

"Әрине, біріншіден, ол - жалақының көбеюі. Бүгінде қысқа уақыт ішінде орташа алғанда жалақы екі есе өсті. Екіншіден, қағазбастылықпен күрес. Біз қажет бұйрықты қабылдадық. Яғни мұғалімде күнделікті толтыратын тек екі құжаты болуы керек. Әрине, ол бұйрықты бұзатын басшылар да бар. Ол басшыларды жауапкершілікке тартып жатырмыз. Былтырдың өзінде 700-ге жуық адам жауапкершілікке тарттық. Бұл ешқашан болмаған мәселе. Бұл министрлік осы мәселемен күресіп жатқанын көрсетеді", - дейді Аймағамбетов тікелей эфир барысында. 

Реклама
Реклама

Министрдің сөзінше, одан бөлек, мұғалімдерді бөгде жұмыстарға тартпау мәселесі, газеттерге жаздыру науқаны, көше сыпырту мәселесі бар.

"Ол мәселелер Мемлекет басшысының қолдауымен, жеке өзінің ұстанымының арқасында қазіргі уақытта жойылды деп айтуға болады", - деді министр.   

Еске салайық, 2020 жылы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойған болатын. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная