16 января 2024 | 10:02

"Мұнай бағасы түсіп кетсе..." Сарапшы ел экономикасына төнер қауіпті атады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Экономист Мақсат Халық еліміздегі мұнайдың бағасы кенет түсіп кетсе, ел экономикасын қандай салалар асырауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экономист Мақсат Халық еліміздегі мұнайдың бағасы кенет түсіп кетсе, ел экономикасын қандай салалар асырауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Мәселен, бір күні мұнайдың бағасы түсіп кететін болса, Қазақстан экономикасын алып шығатын балама көздер болуы керек. Меніңше, олар - өңдеуші өнеркәсіп саласы, туризм, агроөнеркәсіп кешендері. Онымен қоса, елімізде жасыл энергетика көздерін дамытуға болады, сондай-ақ осы қатарда IT саласы мен көлік-логистика саласы тиімді болмақ. Бұл салаларға басымдық беретін болсақ, ел экономикасын алдағы жылдары біраз деңгейге көтеруге болады", - дейді сарапшы.

Реклама
Реклама

Мақсат Халықтың айтуынша, қазіргі таңда еліміздің экономикалық бағыт-бағдары түсініксіз жағдайда.

"Экономика тек бір нәрсеге байланып қалмауға тиіс. Бүгінгі таңда үкіметтің жүйелі әрі тиімді моделі жоқ деуге болады. Өйткені еліміздегі соңғы қабылданған жобалар Ұлттық жобалар болып бекітілген еді. Алайда қазір сол жұмыстар мағынасын жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Демек 10-15 жылдан соң Қазақстан экономикасының қандай бет-бейнесі болады? Міне осы мәселені жоспарлау бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр", - деді сарапшы.

Сондай-ақ ол үкіметтің жылда жалақы мөлшерін көтеруіне қатысты пікір білдірді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная