ПОДЕЛИТЬСЯ
10 июля 2020 | 13:08
"Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады". Тоқаев халықты жұмыспен қамту бағдарламасын сынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда. Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек. Біз "Жұмыспен қамту жол картасын" қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 триллион теңге қаржы бөлдік. Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған", - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
"Намысымыз қайда?". Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырды
Еске салайық, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев елдегі бірқатар өңірдің басшысын қызметінен босатты. Сондай-ақ ол ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендегенін айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также