Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июня 2019 18:59

Мұрагерлік өсиет қалдырмаған жағдайда мүлік қалай бөлінеді - Заңгер түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстандағы мұрагерлік өсиет жайлы не білу керек? Өсиетті қалай және қанша жаста қалдыруға болады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Думан Көпбаев түсіндіріп берді. Заңгердің айтуынша, мұрагерлік өсиет жайлы айтқанда бірінші мұрагер сөзінің мән-мағынасына үңілу қажет. 


Қазақстандағы мұрагерлік өсиет жайлы не білу керек? Өсиетті қалай және қанша жаста қалдыруға болады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Думан Көпбаев түсіндіріп берді. Заңгердің айтуынша, мұрагерлік өсиет жайлы айтқанда бірінші мұрагер сөзінің мән-мағынасына үңілу қажет. 

Мұрагерлік дегеніміз не?

"Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" "мұра - әке-шешеден балаға қалған дүние мүлік, бұйым және тағы да басқа заттар десе, мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық" деп түсінік береді. Мұра, мұрагер деген ұғымдар қазіргі неке және отбасы заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кеңінен қолданылып, сол бұрынғы мәнін әлі күнге дейін жоймаған", - дейді ол.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады екен.

Мұралық іс қашан ашылады?

Көпбаевтың сөзінше, мұралық іс азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялаудан кейін ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні мұраның ашылу уақыты, ал мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, егер ол белгісіз болса мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып саналады.

"Заң бойынша мұрагерлер ҚР Азаматтық кодексінің 1061-1064-баптарында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Олар алдымен адамның қайтыс болғаны жөнінде жергілікті АХАЖ бөлімінен адамның өлгені туралы куәлік алуы керек. Сол уақыттан бастап мұрагерлер алты ай мерзім ішінде мұра қалдырушының соңғы тұрған тұрғылықты жеріндегі жергілікті нотариуске жүгініп, мұралық іс ашу үшін тиісті құжаттарды табыстауы тиіс", - деп түсіндірді маман.

Мұра қалдырушының құқықтары қандай?

Ал өсиет қалдырушы адам себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлерінің біреуін, бірнешеуін немесе барлық мұрагерлерін мұрадан айырып, мүлкін басқа тұлғаға, заңды тұлғаларға иә болмаса мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

"Мұраны кәмелет жасынан асқан кез келген адам қалдыра алады. Мұра қалдырушы өсиет жасағаннан кейін кез келген уақытта өсиеттің күшін жоюға, иә болмаса өзгертуге еркі бар. Ал өсиеттің жасақталу ережесіне келсек, өсиет жазбаша түрде жасалады, жасақталған жері мен уақыты көрсетіліп, нотариалды куәландырылу арқылы куәгердің қатынасуымен жасақталуы тиіс. Заң бойынша мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Сол уақыттың ішінде мұрагер нотариуске арыз беріп, мұралық іске қажетті құжаттарды жинақтап  тапсыруы қажет. Егерде мұраға құқық беруге құжаттар жеткілікті болмаса немесе уақытында тапсырылмаса нотариус куәлікті уақытында бере алмайды", - дейді ол.

Азаматтардың көңілі толмай, нотариус дұрыс жұмыс жасамайды десе бұл жағдайда ҚР бойынша нотариалдық іс-әрекеттер жасақтау Ережесіне сай мұрагерлер мұра ашылған нотариустың атына арыз жазып, оның өндірісіндегі мұралық істі басқа нотариуске табыстауды сұрауына болады.

Мұраны кім қалдыра алады?

Көпбаевтың айтуынша, Қазақстанның кезкелген азаматы өзіне тиісілі мүліктерін өсиет етіп қалдыра алады. Ол үшін жеке басын анықтайтын төлқұжатын алып нотариуске жүгінуі тиіс. Алайда, заңгердің айтуынша, өсиетті азамат заң бойынша өзі жасауға тиіс, өкіл арқылы өсиет жасақтауға болмайды.

"Өсиет қалдырушы адам себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлерінің біреуін, бірнешеуін немесе барлық мұрагерлерін мұрадан айырып, мүлкін басқа тұлғаға, заңды тұлғаларға иә болмаса мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Мұра қалдырушы өсиет жасағаннан кейін кез келген уақытта өсиеттің күшін жоюға, иә болмаса өзгертуге еркі бар", - дейді Думан Көпбаев.

Мұрагерлік өсиет қалдырмаса мүлік қалай бөлінеді?

Мұрагерлік өсиет қалдырмаған жағдайда, маманның айтуынша, марқұмның мүлкі зайыбына немесе жақындарына тең бөлінеді екен. 

"Мүлік мұндай жағдайда тең бөлінеді. Алайда отбасылық, туыстық кикілжің тумауы үшін мұрагерлік өсиет қалдыру дұрыс, себебі ағалы-інілі бауырлардың дүние үшін таласу жағдайы практикамызда жиі болады. Ал өсиет болмаған жағдайда туыстардың арасында кикілжің болса істі сот арқылы шешуге болады", - дейді заңгер. 

Өсиет қалай толтырылады?

Ал өсиеттің жасақталу ережесіне келсек, өсиет жазбаша түрде жасалады, жасақталған жері мен уақыты көрсетіліп, нотариалды куәландырылу арқылы куәгердің қатынасуымен жасақталуы тиіс.

"Заң бойынша куәгер болуға және өсиет қалдырушының орнынан қолтаңба қоюға нотариуске немесе өсиетті куәландыратын өзге адамға,  әрекет қабілеттілігі жоқ, сауатсыз, жалған жауап бергені үшін сотталған адамға және өсиет қалдырушының мұрагерлерлері болып табылатын азаматтарға болмайды. Нотариалды куәландыратын өсиет өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуы тиіс. Егер өзі жаза алмаса, нотариус арқылы жазылған өсиеттің мәтіні өсиетке қолтаңба қойылғанға дейін нотариус пен куәнің қатынасуы арқылы өсиет қалдырушымен толық оқылып шығылуы керек. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін, өсиеттің мәтінін нотариустың қатысуымен куәгер оқып береді", - деп түсіндірді заңгер.

Мұрагерліктен бас тартуға бола ма?

Маман мұрагерлердің алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқы бар екенін айтады. Дәлелді себептермен бұл мерзім мұрагерлермен өткізіп алынса, мерзімді сот арқылы ұзартуға болады, алайда бұл 2 айдан аспауға тиіс екен.

"Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариуске арыз берумен жасалады. Бұл жерде айта кететін жайт мұрадан бас тарту кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмайды", - дейді ол.

Сондай-ақ, маман  заңда мұра алу кезіндегі ерлі-зайыптылардың да құқықтары да көзделгеніне тоқталды.

"ҚР "Неке және отбасы" Кодексінің 33-34 баптарына сәйкес неке кезінде алынған мүліктер жұбайлардың ортақ мүлкі болып табылатындықтан, егер жұбайлардың  біреуі қайтыс болған жағдайда, ортақ мүліктен көзі тірі жұбайы өзінің үлесін бөліп, жеке құқық меншік куәлігін беруді талап ете алады. Ол бұндай куәлікті алудан бас тартуына құқылы", - дейді Думан Көпбаев.

Өлді деп жарияланған адам тірі оралса мұрасы қайта ма?

ҚР Азаматтық кодексінің 32-бабы бойынша өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды. Тірі оралған адам өзiнiң қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн көшiп, сақталып қалған мүлкiн қайтарып берудi талап ете алады.

"Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкiн оның заңды мұрагерi үшiншi бiр адамдарға берiп, олар мүлiктiң сатып алу бағасын адам тiрi оралған кезге дейiн толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тiрi оралған адамға көшедi. Өлдi деп жарияланған азаматтың мүлкi ақысы төленетiн мәмiле бойынша өзiне көшкен адамдар оған бұл мүлiктi қайтаруға, ал оларда мүлiк жоқ болған жағдайда, егер мүлiктi алған кезде олар өлдi деп жарияланған азаматтың тiрi екендiгiн бiлгенi дәлелденсе, мүлiктiң құнын өтеуге мiндеттi. Мүлiктi иелiктен шығарушы адам өлдi деп жарияланған адамның мүлiктi иелiктен шығару кезiнде тiрi екендiгiн бiлген болса, мүлiктi қайтарып беру немесе оның құнын өтеу мiндетiн мүлiктi алушымен бiрге мойнына алады. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп, сатылып кеткен болса, адамды өлдi деп жариялау туралы шешiмнiң күшi жойылғаннан кейiн оған мүлiктiң құн төленетiн күнгi нарықтық бағасы ескерiле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады", - деп түсіндірді заңгер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети