11 мая 2021 | 17:39

"Мутацияланған түрінен қорғайды". Шарман вакцина туралы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: REUTERS

Маман коронавирус қандай жерлерде тез жұғатынын және вакцина қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Алматы әкімдігінде өткен онлайн-сұхбат барысында әңгімеледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маман коронавирус қандай жерлерде тез жұғатынын және вакцина қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Алматы әкімдігінде өткен онлайн-сұхбат барысында әңгімеледі.

Алмаз Шарманның айтуынша, коронавирус лифтте өте тез жұғады.

"Коронавирус жабық, желдетілмеген жерде тез жұғады, тіпті жұғу жағдайларының 99 пайызында, бұл дәлелденген. Вирус қонған жерді ұстап, бетті, көзді, ауызды ұстау арқылы жұқтыру да бар, бірақ мұның көрсеткіші өте төмен. Коронавирус ауа арқылы жұғады. Сондықтан, бетпердені міндетті түрде киіп жүру керек. Әсіресе лифтке кіргенде. Лифт ең қауіпті жер", - деді Шарман.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, пандемияны тоқтатудың бір ғана жолы бар, ол - вакциналау.

"Пандемияны тезірек аяқтап, бұрынғы өмірге оралудың бірден-бір жолы - вакцина салдыру. Вакцина жабайы штамдардан да, мутанттардан да қорғай алады. Вакцина салдырған адам ауыр дәрежеде ауырмайды, өкпені жасанды тыныс алдыру деңгейіне дейін жетпейді. Вирус үнемі мутацияға ұшырайды, мысалы, грипп сияқты. Ол жылда өзгереді, сондықтан вакцина да жылда жаңадан шығады. Вакцина шыққан сайын вирустың мутацияға ұшыраудан басқа амалы қалмайды, сол үшін тезірек ұжымдық иммунитет қалыптастырып, вирустың мутацияға ұшырауына мүмкіндік бермей, үлгеру керек. Вакцина салдырған адам көп болған сайын вирустың мутацияға ұшырау мүмкіндігі азая береді", - деді Алмаз Шарман.

Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1766 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 346 497-ге жетті.

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина бар. Олар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы. 

Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді - Цой


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная