24 декабря 2021 | 17:42

"Наконец-то". Бекшин қызметінде несімен есте қалды?

Жандарбек Бекшин

Бүгін Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері болған Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болды. Бекшин жыл соңында қызметтік келісім-шарты аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Қаланың бас санитария дәрігері несімен есте қалды? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері болған Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болды. Бекшин жыл соңында қызметтік келісім-шарты аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Қаланың бас санитария дәрігері несімен есте қалды? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Еңбек жолын бас санитар болып бастаған

Бекшин 1958 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов мемлекеттік медициналық институтын "Гигиена, эпидемиология, санитария" мамандығы бойынша тәмамдаған, медицина ғылымдарының кандидаты. 

Реклама
Реклама

Алматының бас санитария дәрігері болып былтыр 18 сәуірде тағайындалған болатын. Оған дейін 2020 жылдың 20 наурызында республиканың бас санитария дәрігері қызметінен босатылған еді. 

Жандарбек Бекшин екпе салдырған сәт. Фото:gov.kz

Алғашқы қызметі - бас санитар. Оқу бітірген жылы, 1982 жылдан бастап медицина саласында қызмет етіп келеді. Алдымен Целиноград қалалық санитар-эпидемологиялық станциясында бас санитар, бөлім меңгерушісі болып бес жыл қызмет еткен. Кейін үш жылға жуық Целиноград қаласы және облысының халықтық бақылау комитетінің инспекторы болып жұмыс істеген. Тәуелсіздік алған жылдары Целиноград қалалық санитар-эпидемологиялық станциясы бас дәрігерінің орынбасары болған. Бұл қызметте сегіз жыл жұмыс істеген. 

Медицина саласындағы өтілі - 48 жыл. Желіде Бекшиннің отбасы туралы мәліметтер жоқ. Тек үйленгені туралы жазылған. Сұхбаттарында да көбіне қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берген. Соңғы мәлімдемелерінің бірінен кейін оның сөзі Желіде мемге айналған. 

"Коронавирус "наконец-то" келуі мүмкін". Сіз кімсіз, Бекшин мырза?

"Наконец-то"

Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде айтқан "Коронавирус 11-16 наурыз арасында елімізге "наконец-то" келуі мүмкін" деген сөзін көбі талқылаған еді. Бекшиннің бұл сөзі пандемияда Желіде қызу талқыға түскен болатын. Тіпті Желіде осыған байланысты түрлі мем тарап кетті.

Көп ұзамай расында елімізде 13 наурызда коронавирус жұқтырған адам тіркелді. 

"Бекшин көріпкел ме?"

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин алдағы айларда эпидахуал қандай болатынына болжам жасаған кездері оны Желі қолданушылары "Ол көріпкел ме? Қайдан біледі?" деген секілді сансыз сұрақтар қоятын. 

9 қыркүйекте Жандарбек Бекшин Алматыдағы ӨКҚ алаңында өткен брифингте жаңа болжамдар қалай жасалатынын түсіндірген болатын. Бекшиннің сөзінше, алдағы айларға болжам жасау үшін арнайы механизм бар.

"Сондықтан сол механизм бойынша біз, ең біріншіден, күнделікті ауру деңгейін талдап отырамыз. Екіншіден, ауырмаған және вакцина салдырмаған адам саны қарастырылады. Екпенің динамикасына да талдау жүргізіп, баға береміз. Тағы бір көрсеткішті коэффициент ретінде жасаймыз. Оның ішінде қарастыратынымыз - вирус жұқтыру коэффициенті. Мысалы ухандық штамның коэффициенті 3 болған. Ал альфа нұсқасында - 5 болса, дельта штамының жұғу көрсеткіші көбірек - 8. Сондықтан бұл штамм өте тез жұғатындықтан белсенді тарады. Болжам жасауда осындай негізгі көрсеткіштерге қараймыз. Сонымен қатар, клиникалық жағдайдағы науқастар жағдайын қарап та есепке аламыз", - деп түсіндірген еді ол. 

Бекшиннің айтуынша, нақты бір күнге болжам жасаймыз деп айтуға келмейді. Себебі талдау айына 2-3 рет жасалады. Вакцина салу деңгейі өсіп келе жатыр, ауру деңгейі де әртүрлі. Сондықтан бұл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Сол үшін үнемі түзету жасалады. 

Жандарбек Бекшин. Фото: gov.kz

Алматы "жасыл" аймақта

Бүгінде Алматы қаласы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "жасыл" аймақта. Бекшиннің сөзінше, қалада эпидахуалдың жақсара бастауы қалалықтардың 50 пайызы екпе салдыруымен және 58,4 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптасуымен байланысты. 

"Екіншіден, шектеу шаралары бар. Бәрі шектеу шарасын бұзып жүр деп айта алмаймыз. Жабық жерлерде, қоғамдық орындарда маска тағып жүргендер бар. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану да жақсы әсер етеді. Бірінші кезекте ол - Ashyq жүйесі. Ол бізге мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осы шаралар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр", - деген еді Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

Коронавирусқа қарсы екпе салдыру статистикасы

Алматыда COVID-19-ға қарсы екпе салу бойынша екінші орында. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 1 043 094 адам, екі компонентін 1 004 601 адам салдырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная