20 февраля 2020 | 10:34

"Наразылық туғызып жатыр". Даниал Ахметов Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесуге келді

Зайсан. 19 ақпан.

Әлеуметтік желілерде ШҚО-ның Зайсан ауданында бір топ адам коронавирус жұқтырды деген мәлімет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде ШҚО-ның Зайсан ауданында бір топ адам коронавирус жұқтырды деген мәлімет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәлірек айтқанда, онда Сарытерек ауылының тұрғындары кеше, 19 ақпанда сағат 15:00-де наразылықпен ауылдың амбулаториясының алдына жиналғаны айтылған. Оған сенсек, Қытаймен шекарадан бүгін, 20 ақпанда коронавирус жұқтырды деген адамдарды ауыл амбулаториясында емдеу жоспарланған-мыс. Тұрғындар осы ақпаратқа сеніп, мән-жайды білу үшін жиналған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, таралған ақпаратты ауыл амбулаториясын мәдениет үйіне көшіріп, ал ауруханаға вирус жұқтырғандарды орналастыру көзделіп отыр деген болжам айтылған. Сондықтан Сарытерек ауылының тұрғындары "бұл келетін жолаушылар қауіпті болмаса, бар жағдайы жасалған аудандық аурухананың жанында жұқпалы ауру бөліміне жатқызуды" талап еткені айтылған.

Алайда ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Айгүл Базарова әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған ақпараттардың жалған екенін мәлімдеді.

"Зайсан ауданында ешқандай да коронавирус таралу фактісі жоқ. Оны мен ресми түрде айта аламын. Халық тарапынан бүгіннен бастап енгізілген карантин бойынша арнайы 14 күн бойы жататын азаматтарға дайындалған орталықтары бар, нақтысын айтсақ, обсервациялық орындар. Алайда осы профилактикалық шараны жүргізу барысын кейбір азаматтар бұрмалап, өтірік ақпарат таратып, халық арасында наразылық туғызып жатыр (...) Халық арасында арандатушылық жұмыс жүріп жатыр", - деп мәлімдеді әкімдік өкілі.

Сондықтан, Базарованың айтуынша, бүгін сағат таңғы 9.30-да облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына ұшып келген. Қазіргі уақытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жағдай бақылауда екені айтылады.

ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы әкімнің халықпен кездесуінің қорытындысы туралы қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная