ПОДЕЛИТЬСЯ
28 июля 2021 | 17:07
Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар - Цой
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Министрдің сөзінше, елімізде әрбір екінші адам вакцина салдырған.
"Бүгінде 8,6 миллион доза вакцина қолданылды. Бірінші компонент 5 230 750 адамға салынды, бұл - тұрғындардың 52,8 пайызы. Екінші компонент 3 436 617 адамға салынды. (...) Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар екенін атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіз және тиімді екенінің дәлелі. Бүгінде вакцинация - коронавирустан болатын өлім жағдайының алдын алудың жалғыз жолы. Сондықтан әрбір қазақстандықтан вакцинацияға байланысты саналы шешім қабылдап, өзін және жақындарын қорғауын сұраймын", - деді министр ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, Қазақстанда пандемия басталғалы 549 628 адам вирус жұқтырған. Оның 457 098-і аурудан айықса, 5 619 адам қайтыс болған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также