05 марта 2018 | 12:39

Назарбаев 2022 жылға дейін студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды

Елбасы елімізде студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы елімізде студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.

"Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек", - деді Елбасы.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Назарбаев Мемлекет өз тарапынан білім және ғылым министрлігі арқылы инвестицияның бір бөлігі жатақхана құрылысына бөлінуіне кепіл болатынын мәлімдеді.

"2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді", - деді ҚР Президенті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная