ПОДЕЛИТЬСЯ
22 января 2021 | 11:23
Індет бары рас - Мейрамбек Бесбаев жағдайын айтты
Коронавирус жұқтырған "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырған "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Бесбаев қолдау білдірген және тілектес болған барлық қазақстандыққа алғыс айтып, сақтанып жүруге кеңес берді.
"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.
Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар!", - деп жазды Бесбаев.
Еске салайық, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаевтың коронавируспен ауруханаға түскені хабарланған болатын. "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай әншіден коронавирус анықталғанын растаған еді. Ал кейін 3-4 күннен соң Бесбаевтың жағдайы тұрақты екені белгілі болды.
Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде танымал қазақстандық музыкант Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол 2000-жылдардың басында Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевпен бірге "МузАРТ" триосын құрған кезден бастап танымалдыққа ие. Ал 2017 жылдың қарашасында Бесбаев өзінің шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также