ПОДЕЛИТЬСЯ
02 марта 2021 | 14:35
"Не істеп отырсың маған бақырайып?". Желіде мұғалімдерге ұрысқан әйелдің видеосы тарады
Желіде мектеп директорының мұғалімдерге айғайлап, ұрысқан сәтінің видеосы тарады. Белгісіз біреулер директордың ұрысқан сәтін аудиоға жазып алып, кейін видеода оның суретін қосқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде мектеп директорының мұғалімдерге айғайлап, ұрысқан сәтінің видеосы тарады. Белгісіз біреулер директордың ұрысқан сәтін аудиоға жазып алып, кейін видеода оның суретін қосқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ролик Instagram желісіндегі taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Видео сипаттамасында Алматы облысы, Қаратал ауданы, Оян ауылы деп жазылған.
"Түк жұмыс істемейсіңдер. Қыркүйекте сағатты алып аласыңдар, сосын болды. Ешқандай жұмыс жоқ, "Не істейсің маған?" деп отырасыңдар. Сендерде ешқандай нәтиже жоқ. Нәтиже жоқ па, сағаттарыңды қысқартамын. Маған қалтасы үшін жұмыс істемей, нәтиже беретін мұғалім керек. Әкім де, меңгеруші де "Оян, Оян" дей береді. Бұл сендердің беттерің, түк жұмыс істемейсіңдер. Жаңа Тамыз кеңесінде отырып, бір сағат Оянның жаман жерін естідім.
(...) Жүйкем қозып, қысымым көтеріліп тұр. Босқа жүріс. Мөлдір, саған 11-сыныпты Шынардан жұлып алып бердім. Тұр орныңнан, не істеп отырсың маған бақырайып? Сағатың көп болсын деп алып бердім бе? Не болды? Нәтиже қайда?", - деп ұрысады аудиодағы дауыс иесі.
Видеоға қатысты пікір жазғандардың басым бөлігі директор сөзін құптаған, ал кейбірі оның айғайын ұжымға деген құрметсіздік деп бағалаған.
"Осыны түсірген адам ұялуы керек", "Басқа қалай сөйлеседі? Олар жұмыс істемесе, директор жауап береді", "Директордың осылай айғайлағаны дұрыс па? Бұл өз ұжымын құрметтемейтінін білдіреді", "Жұмысшылар жауапсыз, ал жауап беретін директор, оны түсінемін", "Көп мектепте осылай, ол жекеменшік мектебі емес екенін ұмытып кетеді", "Басқаша айтқанға түсінбейтін шығар", - деп жазған желі қолданушылары.
Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Оян ауылында бір ғана мектеп бар.
"Бүгін Қаратал ауданы білім бөлімінің мамандары мен кәсіподақ мүшелері мұғалімдерден осындай жағдай болған-болмағанын, қай кезде болғанын анықтау үшін сол мектепке кетті. Директордың сөзін естісеңіз, ол Тамыз кеңесі туралы айтады. Тамыз кеңесі былтыр карантинге байланысты онлайн форматта өтті. Ал директор Тамыз кеңесіндегі жиын туралы айтады. Ол 2019 жылы өткен. Соған қарағанда бұл оқиға 2019 жылы түсірілген", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также