17 августа 2020 | 15:23

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі қаншалықты азайды?

Даурен Ерболат Журналист
Фото Тұрар Қазанғапов©

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов елордада коронавирус жұқтыру саны айтарлықтай қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов елордада коронавирус жұқтыру саны айтарлықтай қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала тұрғындарынан түскен өтініштердің жалпы саны тәулігіне 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Коронавирус бойынша шақырулар тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды", - деді Мұратов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол 5 шілдеден бастап ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 4 мыңнан 343 адамға немесе 10 есе азайғанын мәлімдеді.

"Ал төсек қорының жүктемесі 99 пайыздан 17,2 пайызға дейін азайды. Стационарлардағы коронавирус расталып, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2000-нан 137-ге дейін (14 есе), пневмониямен ауырғандар саны 1333-тен 198-ге дейін (7 есе) азайды", - деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 578 адам коронавирус жұқтырды. 10 224 науқас жазылды, 267 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 103 033-ке жетті. 82 777 науқас айықты, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная