ПОДЕЛИТЬСЯ
09 декабря 2020 | 13:47
Нұр-Сұлтанда мерекелер қарсаңында карантин күшейтіле ме?
Нұр-Сұлтанда мереке күндері халық көп жиналатын жерде келушілер ағынын азайту мақсатында супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда мереке күндері халық көп жиналатын жерде келушілер ағынын азайту мақсатында супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов ОҚК онлайн-брифингінде айтты.
Көлгінов қазіргі уақытта әкімдіктің санитар дәрігерлермен жаңажылдық демалыстар алдында ойын-сауық орталықтарында келушілер ағынын азайту мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті.
"Адамдар жаңа жыл қарсаңында дүкендерге көп барады. Сондықтан олардың көп шоғырлануын болдырмау үшін біз гипермаркет пен супермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеуге көшіруді ойластырып жатырмыз. Тағы да бірқатар шара қабылдаймыз. Жақын арада ол туралы айтамыз", - деді елорда әкімі.
Әкімнің айтуынша, қаладағы қазіргі шектеу шаралары алдағы уақытта да сақталады.
"Алдағы уақытта қосымша шектеу шараларын енгізу жоспарда бар. Ал қазіргі шектеу шаралары алып тасталмайды. Дегенмен санитарлық нормаларды сақтау керек. Локдаун кезінде халықтың қалай қиналғанын көрдіңіздер ғой. Меніңше, біз оны болдырмауымыз керек. Сондықтан бұл жағдай қайталанбауы үшін біз санитарлық нормаларды сақтауымыз қажет", - деп ескертті қала әкімі.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 138 382-ге жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также