ПОДЕЛИТЬСЯ
12 октября 2021 | 13:01
Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, бұл жалпы коронавирус жұқтырған адамдардың 19,6 пайызы.
"Оның 642-сі немесе 29 пайызы мектепке барғанға дейін жұқтырса, офлайн сабақтар басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған. Бүгінде 1526 оқушы аурудан айығып, мектепке оралды. 88 мектептегі 303 сынып әлі карантинде. Коронавирус жұқтыру деңгейі 3-8-сынып оқушыларында жоғары - 963 жағдай", - дейді Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, бүгінде Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта. Астана коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында: жалпы 144 161 адамнан вирус анықталса, оның 139 534-і аурудан айыққан.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также