ПОДЕЛИТЬСЯ
08 февраля 2021 | 13:00
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырудан бас тартқандар бар - басқарма басшысы
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан өз еркімен бас тартқандар бар. Бұлар медициналық көрсетілімі оң адамдар, яғни оларға вакцина салуға болады. Алайда азаматтар вакцина салдырмаймыз деп шешіпті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан өз еркімен бас тартқандар бар. Бұлар медициналық көрсетілімі оң адамдар, яғни оларға вакцина салуға болады. Алайда азаматтар вакцина салдырмаймыз деп шешіпті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақпан айында 2030 доза вакцина салынады деп жоспарланып отыр. 719 адам вакцинасын алып үлгерді. Қалғаны осы айдың ішінде беріледі. Соған қоса вакцинаның екінші компоненті де осы айдың соңында салынады. (...) Вакцина салдырудан бас тартқан азаматтар бар деп отырмыз. Олардың ішінде медициналық қызметкерлерге салып отырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, мыңнан аса адамға жасау керек едік, соның ішінде 719 адамға жасап үлгердік. 5 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартты. Олар өзінің ойымен, түсінігімен вакцина салдырмаймыз деп шешті. Қалғаны вакцина салдырмаған адамдар медициналық көрсетілімі бар адамдар", - деді Тимур Мұратов ОКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, "коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адам әлсіздік сезінуі мүмкін, бірақ бұл вакцинаның кері реакциясы емес".
"Кері реакция туралы айтып өтсем, вакцина салдырған адамдардың арасында жалпы айтарлықтай кері реакция болған адамдар жоқ. Вакцина салған орнының ауыруы, кішкене кешке қарай адамның әлсіздігін кері реакция деп айтуға болмайды. Вакцина алған адам үшін ол қалыпты жағдай. Мен өзім вакцина алдым, солай кішкене сондай жағдай сезіндім. Екінші күні өздігінен кетіп қалды", - деді ол.
Айта кетейік, елімізде ақпаннан бастап жалпай вакцинация басталды. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер вакцинация коронавируспен күрестің ең тиімді жолы деп түсіндірді.
Қазір ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 196 115-ке жетті. Нұр-Сұлтанда 23 139 адам КВИ жұқтырды, оның ішінде 21 013 науқас жазылды және 385 адам қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также