11 мая 2020 | 15:41

Облыс тұрғындары Алматыдағы жұмысына бара алады - Тоғжанов

Рахила Тлеуова Корреспондент

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, жұмыс беруші ұйым өз қызметкерлерінің тізімін өңірдегі ТЖ кезіндегі шұғыл штабпен келісе отырып, блокбекеттерден өткізуге рұқсат ала алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, жұмыс беруші ұйым өз қызметкерлерінің тізімін өңірдегі ТЖ кезіндегі шұғыл штабпен келісе отырып, блокбекеттерден өткізуге рұқсат ала алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тек тізімде бар азаматтар ғана жұмысқа бару үшін қалаға кіріп-шыға алады. Блокбекеттер мұндай рұқсаты бар қызметкерлер үшін кедергі болмайды.

Реклама
Реклама

"Блокбекеттер бізде әлі қалады. Бүгін біз Нұр-Сұлтан қаласы мен қала маңындағы елді мекендер және Алматы қаласы мен Алматы облысының арасындағы блокбекеттерде бірқатар сұрақ туындағанын білеміз. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Блокбекеттер бұрынғы режимде жұмыс істейді, әзірге алып тастамаймыз. Оңтүстік аймақта осы мәселе көтерілгенін білеміз. Мен Алматы қаласына қатысты айтайын. Мысалға, Алматы қаласында тұрып, жұмысы Алматы облысында орналасса, не болмаса, Алматы облысында тұрып, Алматы қаласында жұмыс істейтін болса, оларға ешқандай шектеу жоқ. Тек жұмыс беруші компаниялар өз қызметкерлерінің тізімін аймақтағы штабтармен келісуі керек. Бұл жұмыс қала береді. Тек тиісті талапты, тізімді сақтау керек", - деді Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, бүгін желіде "Алтын Орда" базарының маңындағы блокбекетте түсірілген видео пайда болған. Алматы облысының тұрғындары қалаға кірер алдында төтенше жағдай режимін алып тасталған алғашқы күні карантин жарияланған Алматыға кіргісі келген

Айта кетейік, бүгін елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды, алайда карантин режимі сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная