ПОДЕЛИТЬСЯ
21 июня 2021 | 11:58
"Оқу жылы басталғанша мектептерге камера қойылады" - Тоғжанов Қазандағы оқиға туралы
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі мектептің бәрі бейнебақылаумен қамтылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі мектептің бәрі бейнебақылаумен қамтылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ералы Тоғжанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
"Қазандағы оқиғадан кейін арнайы жиындар ұйымдастырылып, біздегі 6500-ге жуық мектеп, 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, 500-ге жуық мәдениет нысанындағы қауіпсіздік, нормативтік-құқықтық бағытты күшейтуге қатысты шаралар бекітілген болатын. Былтыр елдегі мектептің бәрі 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылған еді, бірақ нақты талдаманың аясында 23 пайызында бұл мәселе қайта қарастыруды қажет ететіні анықталып отыр. Сондықтан, оқу жылы басталғанша оның бәрі қалыпқа келтіріледі", - деді Тоғжанов.
Сонымен қатар, Тоғжанов жалпы мектептердің өзіндегі агрессивтік мінез-құлықтарды төмендетуге бағытталған нақты шаралар жүзеге асатынын атап өтті.
Еске салайық, биыл 11 мамырда таңертең Татарстан астанасындағы №175 мектепте атыс болған еді. Оны 19 жастағы Ильназ Галявиев ұйымдастырған. Оқиға салдарынан тоғыз адам мерт болды - 7 бала мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталған еді. Ол жауап алу кезінде "бәрін жек көретінін" айтқан.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также