Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 ноября 2018 15:31

"Оқуда да жоқ, жұмыста да жоқ". NEET жастар деген кімдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

LS экономикалық сайтының дерегіне жүгінсек, 2018 жылы еңбекке жарамды 1 мың адамға 687 еңбекке жарамсыз тұрғыннан келеді (191 зейнеткер және 496 кәмелетке толмағандар). Осы кезеңдегі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда еңбекке жарамсыз адамдар саны 3,1 пайызға артқан. Tengrinews.kz тілшісі жұмыста да, оқуда да жоқ жастардың көбеюіне не себеп екенін анықтап көрді.


LS экономикалық сайтының дерегіне жүгінсек, 2018 жылы еңбекке жарамды 1 мың адамға 687 еңбекке жарамсыз тұрғыннан келеді (191 зейнеткер және 496 кәмелетке толмағандар). Осы кезеңдегі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда еңбекке жарамсыз адамдар саны 3,1 пайызға артқан. Tengrinews.kz тілшісі жұмыста да, оқуда да жоқ жастардың көбеюіне не себеп екенін анықтап көрді.

Ал еңбекке жарамды ел тұрғындарының арасында жұмыспен қамтылмағандары да бар. Ал бұл категорияның өзін де уақытша жұмыссыз бен еңбекке құлықсыз деп бөлуге болады. Соңғы категорияны NEET (Not in Empoloyment, Education or Training, яғни, еңбектенбейтін, білім алмайтын және тренингке де қатыспайтын жастар категориясы) немесе НиНи буыны деп жіктейтін термин де бар.

ХХ ғасыр соңында мұндай жастардың мәселесін көтеріп, дабыл қаққан алғашқы ел Ұлыбритания болды. Ал жастардың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған мемлекеттік сараптаумен Бүкілелемдік банк айналыса бастауы, мұның әлемдік деңгейдегі күрделеніп кеткен мәселе екенін көрсетіп отыр.

Қалай болғанда да түрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін немесе білім алмайтын жастар қатары көбейіп келеді. Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай қоғам мүшелерінің көбеюі көптеген әлеуметтік-қоғамдық қиындықтарға әкеледі.

Жапонияның еңбек нарығының жетекші мамандарының бірі Рэйко Косуги қоғамдық қарым-қатынасы өте әлсіз жастарды төрт категорияға бөледі:
әлеуметке қарсы: өзін еңбектенбесе ғана жайлы сезінетіндер;
тұйықталып қалғандар: қандай болмасын формада қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алмайтындар;
пассив: өзіне деген сенімділік пен мотивация жоқтығынан жұмыс таба алмайтындар;
көңілі қалғандар: жұмыс орнынан өте кері әсерде болғандар, сондықтан ары қарай жұмыс іздеуден бас тартқан жастар.

Ал осы мәселе бойынша отандық мамандар не дейді? Психолог Балабек Сақтаған "жоғарыда атап өткен құлықсыз жастардың Қазақстанда пайда болуының ерекшелігі неде?" деген сұраққа жауап беріп, мына факторларды тізді: Жаһандану үрдісінің жылдамдығы; Отбасында бала санының аз болуы; Жұмыс істеуден алдаусыратып, уақытын көңілді өткізуге бейімдейтін дүниелер (әлеуметтік желі, видео ойындар, ұялы телефон және тағы басқалары); Еңбек үшін төленетін айлық жалақының аздығы; Ата-аналар тарапынан бақылаудың аздығы және балаға қалағанын алып беруі де бір себеп", - дейді маман.

Бұл жіктеудегі еңбекке төленетін ақының аздығы деген пункттің бары, жастардың білім алуға, жұмыс істеуге, дамуға және өзін жетілдіруге құлықсыздығы кей елдердегі тоғышарлықтан ғана шықпайтынын анық көрсетіп отыр.

Мұндай жастардың жұмысқа зауқы жоқ болғандықтан ата-насының мойнында отыр. Олар жылдам дамып келе жатқан қоғамнан қашып, оқшауланып қалады. Осыдан барып: девиация, өзіне қол жұмсауға бейімділік, отбсы құндылықтарының көмескіленуі сияқты проблемалар туындайды. Оның үстіне мұндай санасы бекімеген жастардың қылмыстық жолға оңай түсуі және діни ағымдар насихатына жеңіл тартылу қаупі басым.

Әрине мемлекет тарапынан мұндай жастарды белсенді етуге бағытталған бағдарламаларды қолға алынған. Оның ішінде еліміздің әр қалаларында ашылып жатқан жастар мен жеткіншектерді спортқа тарту үшін салынып жатқан Workout алаңдары мен жұмыспен қамту бағдарламалары жетерлік. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы мақсат-мүдделер де белсенді түрде іске асырылып жатыр. Дегенмен соңғы статистика бойынша Қазақстанда еңбекке, білім алуға құлықсыз жастар қатары биыл 300 мыңға жетіпті.

Оның үстіне психолог маман болашақта мұндай жастар қатары арта береді деген пікір айтты.

"Бала кезінен өзіне керегін тер төгіп таппай, ата-аналардың дайын затқа үйретуіден құлықсыздық басталады. Бұрынырақта жастар жұмыстан соң зерігетін болса, қазір оған уақыттары жоқ. Ұялы телефон функцияларының жетілуі уақытын жылдам өткізіп, өзіне бұғып, өздерін әлеуметтік желідегі афоризмдер арқылы жұбатады. Ал ата-ананың баланы жұмсамай, біз қартайған соң, өзіне керек кезде істейді деуі баланың ерте кезден қиындықпен күреспеуге әкеліп, кері әсер береді. Осындай үрдістердің қазір көптеп кездесетінін назарға алсақ, болашақта құлықсыз жастардың қатары тек арта береді", - дейді Балабек Сақтаған.

Еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің осындай маңызды іске атсалысқаны тиімділікті арттырады. Осы орайда "Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет" жобасын атап өтуге болады.

Демек бұл мемлекеттің ғана шешуі керек мәселесі емес екенін түсінген абзал. Салауатты қоғам құру үшін әрбір саналы азаматтың үлес қосқанын қажет. Оның үстіне бұл тек жұмысқа зауықсыздықпен ғана өлшенетін құбылысқа жатпайды. Қлықсыздық жастардың жұмысқа орналасудан бөлек - өзін жетілдіруге, спорттық, мәдени тұрғыдан болсын өзін жетілдіруге, қоғамда өз орнын тауып, өзін дәлелдеуге тырыспауы.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Жастарды әлеуметтендіру ісімен айналысып жүрген "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Серікұлының айтуынша, жастарға сәл де болса мотивация беру арқылы, олардың қоғамға пайдасы бар азамат етудің бірден бір жолы екен.

"Қазіргі уақытта ғаламтордың шырмауына байланған жасөспірімдер маман иесі болу, еліне, жеріне қандай да бір пайдасын тигізу дегенді ысырып қойып, болмашы дүниелермен айналысатындай болып көрінеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастарын әлеуметтендіру бойынша жалпыұлттық жобаның аясында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Батыс Қазақстан облысында алты бағыттан тұратын "Менің таңдауым" пилоттық жобасын бастадық. Жоба аясында облыстағы 12 аудан мен Орал қаласында болып, байқауға қатысушыларды тіркейтін қызметкерлерді тағайындадық. Ұлттық құндылық, әскери-патриоттық, зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік белсенділік және спорттық бағыттар бойынша кез келген 14-25 жас аралығындағы жастардың қатысуға мүмкіндігі бар. Жас буынға мотивация беріп, болашақта маман иесі атануына қандай да бір септігімізді тигізіп жатсақ, бастаған ісіміз бекер болмағаны", - дейді Арман Серікұлы.

Бұл орайда мемлекет тарапынан қоғамдық өмірге құлықсыз жастарды әлеуметтендіру жоспарында әскери-патриоттық шаралардың өзіндік орны бар. Сонымен қатар, бұл үшін техникалық және кәсіби білімді жетілдіру, жастарды баспанамен қамтамасыз ету және мамандық таңдау бойынша консультациялық орталықтарын ашу қолға алынып жатыр. Ендігіде шенеуніктер жастардың кәсіпкерлігін қолдаумен кеңірек айналысады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.49   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети