16 июня 2021 | 17:44

"Оқуға түсетін қыздар болса, фамилиясы керек". Желіде грантқа қатысты хабарлама тарады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне талапкерлер керек болып жатқаны туралы хабарлама тарады. Университеттің ресми өкілі бұл хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне талапкерлер керек болып жатқаны туралы хабарлама тарады. Университеттің ресми өкілі бұл хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университеттің баспасөз хатшысы Жандар Асанның айтуынша, бұл хабарламаны қабылдау комиссиясының қызметкерлері таныстарына жолдаған, одан әрі әлеуметтік желіге тарап кетіпті.

Реклама
Реклама

 "Жалпы, бұл хабарламада айтылған ақпарат жалған емес. Расында да грантқа түскендерге 80 мыңнан аса теңге төленеді. Бұл хабарлама қабылдау комиссиясындағылардың талапкер тартудағы әдісі болған шығар, алайда бірінші сөйлем оғаштау, оны мойындау керек. Ол қызметкерлермен сөйлескен едік, хабарламаны таныс, туыстарына жолдаған, әрі қарай әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кетіпті", - деді Жандар Асан.

Оның айтуынша, хабарламадағы "абитуриенттер керек" және "фамилиясы керек" деген сөздерге қатысты бірқатар адам күмәнмен хабарласқан.

"Хабарламадағы сөздерден астар іздеудің қажеті жоқ, түсіндірме жұмысын жүргіздік, қызметкерлеріміздің атынан кешірім сұраймыз", - деді университет қызметкері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная