28 декабря 2020 13:51

Оқушылар арасында CОVID-19 жұқтырып, ауыру көбейіп жатыр - ДСМ

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ауырып қалған оқушылар көбейіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ауырып қалған оқушылар көбейіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқушылар арасында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандар көбейіп жатыр. Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелді. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған, бұл дегеніңіз офлайн режимде оқып жатқан оқушылардың жалпы санынан 0,1 пайыз. Ал қалған 2 664 бала қашықтан оқиды", - деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 152 460-қа жетті. 139 843 науқас жазылды, 2 196 адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram