26 марта 2020 16:43

Оқушылар сабақты 30 минуттан оқиды - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мектептерінде сабақты өткізу ұзақтығы 30 минут болады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мектептерінде сабақты өткізу ұзақтығы 30 минут болады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абаев елімізде қашықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық офистің ұсыныстарын ескере отырып, өз концепциямызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтықтан оқу процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес өткізілетін болады. Сабақты өткізу ұзақтығы 30 минутты құрайтын болады. Оқушы, мұғалым, ата-ана кері байлынысты kundelik, bilimal мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық методикалық нұсқа дайын, - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, қазір Қазақстан 107 адам коронавирус жұқтырған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram