ПОДЕЛИТЬСЯ
11 октября 2018 | 23:03
"Олар да біздің елдің азаматы". Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру ұсынылды
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жезөкшелік жағдай жасау жолы ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздардың бұл жолды таңдауы амалдың жоқтыңынан ба, әлде жағдай жасаудың амалы ма?
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жезөкшелік жағдай жасау жолы ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздардың бұл жолды таңдауы амалдың жоқтыңынан ба, әлде жағдай жасаудың амалы ма?
Заңгер Ахметжан Жылқайдарұлы жезөкшелікті заңдастыру керек деп есептейді. Аталмыш шараны заңдастырған жағдайда - түрлі инфекциялық ауру түрлері азайып, мемлекетке салық түсіп, бұл жұмыстың заңды түрде болатынын алға тартты.
"Дамыған елдерде бұл заңдастырылған. Бұл үлкен мәселе. Жұмыссыздық мәселесі бар, ал олардың барлығы біздің елдің азаматтары емес пе? Бұл тек қыздарға ғана қатысты емес, жігіттердің де мәселесі. Себебі сұраныс бар жерде ұсыныс та болады. Осы мәселені талқылап жатқандарыңызды қолдаймын, себебі мәселені айтпай қоюдан, ол шешілмейді", - дейді Ахметжан Жылқайдарұлы.
Психолог Анаргүл Маулиқызы заңдастыруға қатысты мүлде қарсы екенін айтады.
"Заңдастыру арқылы біз адамдардың жеңіл кәсіпке өтуіне жол береміз. Себебі адамдар ауыр жұмыс жасағысы келмейді. Жезөкшелікпен айналысу оңай әрі сол кәсіппен жаппай айналысатын болады. Жезөкшелік биологиялық тұрғыдан зиян, яғни денсаулығы нашарлап, иммунитеті түседі. Сонымен қатар рухани тұрғысынан да әлсіреп қалады. Психологиялық тұрғыдан бұл жолдағы адамдар тек өзінің пайдасы үшін ғана өмір сүретін болады", - дейді Анаргүл Маулиқызы.
Бағдарламаға келген Айнұр есімді кейіпкер өзінің бұл іске тек қаржы жетіспеушілігінен барған. Өйткені ол мектеп жасында сырқаттанып, жоғарғы оқу орнында оқи алмаған.
"Барлық әйелдердің осындай жолға түсуіне жағдайдың жоқтығы себеп болады. Мен өзім ақшаға мұқтаж болғандықтан бардым. 21-22 жасымда сатушы болып жұмыс істеп жүргенмін, сондай бір апай келіп жүретін. Маған әрдайым "әдемісің, сондайсың" - деп қошемет көрсетіп жүретін. Бір күні анам қатты сырқаттанып жатқан болатын, ақшаға мұқтаж едім. "Ақша тапқың келсе бір кісімен таныстырайын" деп осы жолға келуіме себепші болды. Әкемді ешқашан көрген емеспін", - дейді Айнұр
"Қандай жұмыс болса да істеуге дайынмын, бірақ ол жұмыстан маған қажет қаражат таба алмайтынымды білемін. Ол жерден бес теңге алып, пәтерімнің арендасына беремін бе, тамақ аламын ба, анама көмектесемін бе? Мен шалқып өмір сүргім келетін шығар, неге сонымен санаспайсыздар. Қаншама бағдарламаларда біздер туралы әңгімелер қозғалып жатыр, бірақ ешқайсыда менің сүрген өмірімді көрген емес. Білмейсіздер не көрдім, не көрмедім. Өмірде қандай адамдардың жолыққанын да білмейсіздер. Осы жерге келуімнің себебі, "жезөкше" деген сөзге қатты жаман оймен бармасын деп келдім. Ешкім арын таптау ойымда да жоқ", - дейді Айнұр.
Бағдарламаға арнайы шақыртылған Ерсейіт Шайыпұлы есімді дін маманы осы жөніде былай дейді:
"Біздер дін өкілдері кез келген дүниенің екі ұшы барына сенеміз, таяқтың екі ұшы бар деп жатады. Алайда осы зинақорлық, жезөкшеліктің бір-ақ ұшы бар. Нақтылап айтар болсақ, Пайғамбарымыздан келген хадис бар, онда былай делінген: Үш зардабы осы өмірде, үш зардабы ана өмірде беріледі. Біріншіден абыройдан жұрдай боласың, екіншіден осы жолмен тапқан табыста береке болмайды, өмір бойы кедейшілікте өтеді. Үшіншісі - өмір жасы қысқа болады.", - дейді Ерсейіт Шайыпұлы.
Бағдарламаға көрермен болып келген Азамат Ташимов есімді жігіт бағдарламаға бұл қазақ қыздарына жат деген пікірде болғанын айтады, алайда заңдастыру мәселесі талқылағаннан кейін осы шараны қолдайтынын айтады.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также