12 августа 2021 | 17:04

"Олар отпен ойнамасын". Жақсылық Досқалиев антиваксерлерге жауап берді

Камила Долаева Корреспондент
Фото: elements.envato.com

"Pfizer вакцинасы аяғы ауыр әйелдер мен балаларға ерікті түрде салынады" деген ақпарат антиваксерлердің наразылығын үдете түсті. Екпеге қарсы топтар тіпті күзде қазан төңкерісі болуы мүмкін деп болжай бастады. Миллиондаған оқырманды вакцина алмауға үгіттеп отырғандарға қоғам белсенділері жауап берді. Бұл туралы Aibаt жаңалықтар қызметінің материалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Pfizer вакцинасы аяғы ауыр әйелдер мен балаларға ерікті түрде салынады" деген ақпарат антиваксерлердің наразылығын үдете түсті. Екпеге қарсы топтар тіпті күзде қазан төңкерісі болуы мүмкін деп болжай бастады. Миллиондаған оқырманды вакцина алмауға үгіттеп отырғандарға қоғам белсенділері жауап берді. Бұл туралы Aibаt жаңалықтар қызметінің материалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

200 мыңнан бастап, 1,5 миллионға дейін оқырманы бар жұлдыздардың екпеге қарсы желідегі ереуілі үдеп барады. Қолында нақты дәйегі жоқ, бірақ екпені алмауға үгіттеп отырғандардың ішінде ақын, әнші, әзілкеш, тіпті дәрігерге дейін бар.

Антиваксерлер елді екпе алмауға үндегені дәрігерлердің де шымбайына батып жатыр. Өйткені вакцина салдырмаған адам ауырса, алдымен оған көмек беретін ақын емес, ақ халаттылар. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев адамдарды алып-қашпа әңгімеге емес, дәрігерлерге сенуге шақырды.

Реклама
Реклама

"Мен керітартпа адамдарға айтарым, антиваксер дейді ғой. Олар отпен ойнамасын. Бұлар өздерінің кері тартуымен көптеген адамның обалына қалады және обалына қалып та жатыр. Қазір ауыр халде түскен адамдардың 99 пайызы екпе салмай, соларға еріп кеткен азаматтар", - деді медицина ғылымдарының докторы, академик Жақсылық Досқалиев.

Коронавирустан аман қалудың жалғыз жолы - вакцина екенін әлем ғалымдары да жазып жатыр. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, білімсіздікпен қарсы үгіт жасап, парақшасына жалған ақпарат жазғандардың үстінен іс қозғалуы керек.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная