ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сентября 2020 | 14:43
"Ондай құқы жоқ". Әскерге шақырылғандарға сақ болуға кеңес берілді
Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев әскерге шақырылғандарға сақ болуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев әскерге шақырылғандарға сақ болуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биыл күзде Алматыда мерзімді әскери қызметке шамамен 1500 адам шақырылады.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру, әскери борышын өтеуден босату сынды мәселелерді тек комиссия мүшелері шеше алады. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың ондай мәселелерді шешуге құқы жоқ. Алаяқтардың құрбаны болып қалмаңыздар", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Өсербаев әскерде коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.
"Әскерге шақырылғандар шақыру пунктінде және әскери бөлімге барған соң да коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырады. Шақыру пунктінде дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу, арақашықтықты сақтау, маска тағу талабы қатаң бақылауға алынған", - деді департамент басшысы.
Ол COVID-19 пандемиясына байланысты әскерге шақыру талабына өзгеріс енгізілгенін айтты.
"Күзгі әскерге шақыру жұмыстарына біраз өзгеріс енгізілді. Осыған дейін әскерге шақырылғандарға ата-аналары келіп, оларды салтанатты түрде шығарып салатын. Бүгінде оған шектеу қойылды", - деді Өсербаев.
Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. 100 627 науқас дертінен айықты, 1 671 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также