10 июля 2020 | 20:08

Опубликован полный текст выступления Токаева

akorda.kz

Опубликован полный текст выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании правительства, передает Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Опубликован полный текст выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании правительства, передает Tengrinews.kz.

Реклама
Реклама

Ниже приведен текст на государственном и русском языках.

Құрметті Үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар!

Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз.

Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз.

Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді.

Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді.

Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 процента).

Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық.

Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды.

Бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқылаймыз.

Құрметті әріптестер!

Өкінішке қарай, қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Расында, ахуал өте күрделі. Бірақ, алғашқы оң үрдістер де байқалуда.

Өткен аптада мен Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім.

Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті. Екі апта мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Жалпы, ахуал Мемлекеттік комиссияның бақылауында. Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді.

Басты міндет - коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету.

Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз.

Ал, біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр.

Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Бұл халықтың денсаулығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса қажет.

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады.

Себебі, олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді. Салғырттыққа, бейқамдыққа жол бермеу керек.

Келесі маңызды міндет - толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету.

Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателіктер жіберді.

Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады.

Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек. Нужно провести расследование, всех виновных в возникших трудностях привлечь к ответственности. Без этого никак нельзя. Нам нужно извлекать уроки и принимать меры. Что касается руководителей "СК Фармация", их нужно уволить, и, если в этом есть необходимость, провести следствие. В последнее время очень много разговоров вокруг Фонда обязательного медицинского страхования, туда нужно поставить более делового и менее гламурного человека, чтобы вокруг этого фонда не было разного рода слухов и сплетен. Со стороны Правительства должен быть анализ деятельности фонда, насколько он успешен и насколько эффективен.

Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз.

Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек.

Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет.

Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек.

Себебі, бұл - түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Коронавирус індеті ұзаққа созылуы мүмкін.

Сондықтан, алдымызда аса қажетті дәрі-дәрмектердің және медициналық бұйымдардың жеткілікті қорын қалыптастыру міндеті тұр.

Бұл ретте, медициналық өнімдерді сатып алуды қатаң түрде бір орталықтан басқару қазіргідей жағдайда қаншалықты тиімді екенін де қарастырған жөн.

Сонымен қатар, "СК Фармация" компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет.

Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді.

Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?

Өңірлерде ахуалды түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізілуде.

Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті, олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр.

Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда.

Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек.

Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет.

Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді.

Дәрігерлеріміздің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру - өте маңызды.

Тағы бір маңызды міндет - жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіпорындардың электрондық санитарлық құжаттарын енгізуге белсенді түрде кірісу керек.

Жеке бастың қауіпсіздігі мен саламатты өмір салтын ұстану күнделікті міндетті дағдыға айналуы керек.

Біз пандемия басталған сәттен ашық саясат жүргізіп келеміз. Билік ештеңені жасырып отырған жоқ.

Сомнения в статистике безосновательны. Эти информационные вбросы нацелены на дестабилизацию обстановки. Я уже говорил. Мы ничего не скрываем. Вся статистика у нас абсолютно прозрачная, чистая.

Егер статистикаға қарасақ, жағдайымыз тұрақты деп мәлімдеген елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ахуал жаман емес.

Алайда, Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар.

Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды.

Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды.

Нәтижесінде, біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз.

Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз.

Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті.

Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне, осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына да біздің аса көңіліміз толмайды. Оның медициналық хаттамасы тұрақты емес. Үнемі өзгере береді. Сондықтан, тиімділігі күмән туғызады. Мысалы, Sars не болмаса Эбола дерті өршіп тұрған кезде бұл ұйымның қабылдаған шешімдері әлдеқайда оңтайлы және тиімді болған.

Індет жұқтырғандар мен қайтыс болғандар көбейгенімен, аурудан жазылғандардың саны да артып келеді. Бұл дәрігерлердің ерлікке барабар еңбектерінің арқасында жүзеге асып отыр.

Денсаулық сақтау жүйесі мұндай ауыр сынаққа толық дайын болмаса да, пандемиямен бетпе-бет келді.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады.

Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды.

Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек.

Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр?

Бұл төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек.

Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер үшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке ие деп есептеңіздер.

Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын.

Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.

***

Енді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқылауға көшейік.

Негізгі көрсеткіштер Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Маминнің баяндамасында айтылды.
Дағдарысқа қарсы тиісті экономикалық шаралар қабылданды.

Сонымен бірге, кейбір шаралардың тиімділігін әлі де жетілдіру қажет.

Бүгін біз осы мәселені қарастырамыз.

Ең алдымен, қорды ретімен пайдалану туралы.

Қаржыны нақты пандемиямен және экономикалық дағдарыспен күреске бөлу керек.

Қаражаттың жұмсалуын Есеп комитеті тексеретін болады. Президент Әкімшілігі осы мәселені қатаң бақылауда ұстауға тиіс.

Деньги на борьбу с кризисом есть. Необходимые законодательные решения приняты.

Поэтому снижение объемов производства обрабатывающей промышленности, строительных работ и инвестиций считаю неоправданным. Правительству нужно исправлять ситуацию. Я понимаю, мы столкнулись с чрезвычайной ситуацией. В целом экономические показатели неплохие. Но мы понимаем, что при отсутствии должных действий со стороны исполнительной власти, правительства мы можем оказаться в глубоком кризисе. Поэтому я предупреждаю, что ситуацию надо исправлять.

Так, в Кызылординской области наблюдается негативная динамика по двум индикаторам – в сфере строительства и по инвестициям в основной капитал.

В Атырауской области допустили снижение по двум основным показателям: вводу жилья, инвестициям в основной капитал.

Список таких не очень праведных показателей можно продолжить с упоминанием соответствующих областей. Я сейчас не хочу этого делать.

Поручаю акимам регионов принять меры по устранению отставания по основным показателям экономического развития.

Теперь перейдем к задачам на предстоящий период.

Первое. Восстановление экономического роста

В первую очередь следует обеспечить эффективную реализацию уже принятых антикризисных решений.

При этом надо иметь в виду, что введение новых карантинных мер может еще более усложнить ситуацию в экономике. У правительства должен быть соответствующий план действий. Как я понимаю, он сейчас находится в стадии разработки, если уже не подготовлен.

Мы находимся в бюджетном цикле, есть возможность определить финансовые приоритеты. Главное – это экономика и занятость.

Поручаю правительству и Нацбанку проработать пакет дополнительных мер поддержки отраслей и населения на случай ухудшения ситуации.

В то же время государственная поддержка должна быть направлена на получение максимального эффекта.

Мы обязаны контролировать встречные обязательства бизнеса. В первую очередь, в части сохранения занятости и заработной платы.

Правительству и "Атамекену" поручается в течение двух месяцев завершить работу по обеспечению цифрового контроля встречных обязательств бизнеса.

Далее. Важно не прекращать работу по привлечению прямых иностранных инвестиций.

Как бы то ни было, несмотря на чрезвычайную ситуацию, инвесторы ищут стабильную среду, новые ниши для вложения, поэтому этим моментом следует воспользоваться. Необходимо полноценно использовать имеющиеся возможности нашей страны.

Недавно на площадке МФЦА я провел совещание с участием зарубежных экспертов. Принята новая Стратегия.

Задача правительства – содействовать работе центра, задействовать его правовой и финансовый режим для привлечения инвестиций. Причем не только портфельных, но и прямых.

МФЦА обладает конституционным статусом, что делает его уникальным институтом в нашей части мира.

Поэтому не следует обливать его скепсисом, а нужно раскрывать потенциал самого центра.

Далее. Оказание проактивной поддержки нашим экспортерам. Особенно производителям продукции высоких переделов.

Пандемия коронавируса, как ни странно, способствовала появлению новых ниш, возможностей. Поэтому помимо максимального насыщения внутреннего рынка мы должны создавать конкурентоспособный экспортный товар и обеспечить его доставку на рынки в самые короткие сроки.

Следует предусмотреть разностороннюю поддержку экспортерам несырьевой продукции.

Следующий вопрос. В целях насыщения внутреннего рынка мы запустили программу "Экономика простых вещей".

В рамках антикризисных мер ее финансирование доведено до 1 триллиона тенге.

Данная программа задумывалась как важнейший инструмент импортозамещения и обеспечения занятости.

Однако за полтора года существования условия программы пересматривались 6 раз, а освоена только пятая часть от всего объема – чуть более 200 миллиардов тенге.

Количество субъектов обрабатывающей промышленности и доля импорта товаров народного потребления остались на прежнем уровне.

Таким образом, мы выделяем деньги, не предусмотрев целевых ориентиров и встречных обязательств.

Другими словами, возникла реальная опасность провала "Экономики простых вещей" по подобию других программ с красивыми названиями. Со всеми вытекающими, между прочим, отсюда оргвыводами.

Дискредитация очередной госпрограммы нам совершенно не нужна, это будет воспринято как дискредитация всего государства.

Екінші. Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру

Біз Жұмыспен қамту жол картасын қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 триллион теңге қаржы бөлдік.

Бірақ, жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты.

Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған.

Бұл бастамалар азаматтарды биылғы қазан айына дейін уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді.

Ары қарай не істейміз?

Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда.

Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады.

Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек.

Бір айдың ішінде нәтижесін маған баяндаңыздар.

Бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төлеген адамдарды табысты жұмыспен қамту қажет.

Олардың саны 1 миллион 300 мыңнан асады.

Мұндай еңбекке жарамды азаматтардың оқып, мамандық алуына, лайықты еңбек етуіне мүмкіндік жасау керек.

Электронды еңбек биржасы бірыңғай портал болуға тиіс.

Жұмысқа орналасуға қажетті барлық көмек шараларымен, соның ішінде цифрлық форматта танысу мүмкіндігін қамтамасыз еткен жөн.

Осы ретте, әкімдіктер азаматтардың жәрдем сұрағанын күтпей, өздері жұмыс ұсынуы қажет.

Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны жақсы түсінесіздер деп ойлаймын.

Третье. Поддержание макроэкономической стабильности

В июне текущего года годовая инфляция достигла 7%. С учетом проблем в экономике целевой коридор по годовой инфляции был скорректирован до 9-11%.

Вместе с тем считаю необходимым обеспечить удержание уровня инфляции в пределах 8-8,5% путем реализации более эффективной денежно-кредитной политики, о чем я говорил недавно на отчете Национального банка Казахстана.

Важно также постоянно работать над снижением немонетарной инфляции, расширять номенклатуру товаров, снижать непроизводительные расходы в экономике, решать вопросы логистики, особенно в АПК.

Важным вопросом является стабильность финансовой системы.

Нацбанк считает финансовую систему достаточно стабильной.

Однако рост идет в сфере потребительского кредитования, кредиты реальному сектору экономики не растут.

Мною даны поручения Агентству и Нацбанку увеличить доступность кредитования для бизнеса.

С ухудшением ситуации в реальной экономике, то есть на стороне заемщиков, произойдет ухудшение и в финансовой сфере.

Поэтому Национальному банку и Агентству следует оценивать состояние банковского сектора не на разовой, а на периодической основе.

В условиях беспрецедентных фискальных мер государства вопросы государственного долга и стоимости его обслуживания становятся еще более важными.

Правительству совместно с Национальным банком нужно активизировать работу по развитию рынка государственных ценных бумаг, вхождению в международные индексы.

Это повысит привлекательность тенговых активов для зарубежных инвесторов, снизит стоимость заимствования и даст толчок развитию финансового сектора.

Кроме того, следует ускорить работу по задействованию рынка неработающих активов. Активы на триллионы тенге исключены из экономического оборота. Мне известно об инициативах признанных международных управляющих компаний по решению данного вопроса.

Поручение мною давалось, но результатов нет. Правительство и финрегуляторы обязаны отчитаться по развитию фондового рынка в целом.

Конструктивная, слаженная работа правительства и Национального банка сейчас важна как никогда. В ней не должно быть места ни бюрократии, ни субъективизму.

Төртінші. Тиімді бюджет саясаты

Бюджет қаржысын жұмсаудың тиімділігін арттыру ісінде мол резерв бар.

Жоспарлаудың шалалығы, сатып алу құнының тым қымбаттығы, жекелеген іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттігі әлі де түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп отыр.

Сондықтан, қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек. Әйтпесе, бос сөзден нәтиже шықпайды.

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет.

Талдау өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар ерекшелігін ескере отырып жасалуы керек және онда әрбір министр мен әкім бойынша қорытынды тұжырымдар болуға тиіс.

Далее. Одним из источников пополнения бюджета должны стать дивиденды на госпакет акций. Не в качестве антикризисной меры, а на постоянной основе.

После тщательного изучения этого вопроса его следует закрепить законодательно. Компании государственные, поэтому полученные ими доходы являются государственными деньгами и должны поступать в государственный бюджет.

Карантин и снижение цен на нефть привели к резкому сокращению доходов бюджета. Потери доходов республиканского бюджета на 2020 год оцениваются в 1,7 триллиона тенге.

Бюджет рискует надолго остаться без нефтяных доходов. Сейчас устойчивость бюджета достигается за счет трансфертов из Национального фонда.

На этот год размер гарантированного трансферта из Нацфонда был увеличен до 4,7 триллиона тенге.

Причем эти средства зачастую носят нецелевой характер. Такой подход не соответствует требованиям жесткой бюджетной дисциплины.

С 2021 года трансферты из Национального фонда должны носить только целевой характер.

Они могут быть направлены исключительно на решение социальных проблем и инфраструктурное развитие.

В правительстве обсуждается вопрос увеличения доходной части бюджета. Рассматриваются вопросы повышения ставок отдельных налогов, в том числе КПН и НДС.

Можно понять правительство, так как это самый доступный способ увеличения поступлений в бюджет.

Но в условиях, когда нужно оживлять экономику, механическое увеличение налогов может серьезно ухудшить и без того непростую социально-экономическую ситуацию.

Поэтому подойти к данному вопросу нужно максимально взвешенно.

Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек.

2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 триллион теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес. Бірақ, өнімсіз шығындарды қысқартқан жөн.

Сонымен қатар, экономикаға және қоғамға тиімділігі аз салық жеңілдіктері есебінен қосымша резервтерді қарастыру керек.

Есеп комитетінің бағалауынша, Салық кодексінде жалпы сомасы 4,5 триллион теңгеден асатын 277 жеңілдік түрі бар. Мұның есебін алып, тиімділігін бағалап отырған ешкім жоқ.

Өткен жолғы кеңейтілген кеңесте арнайы экономикалық аймақтың тиімсіздігі туралы ашық айтып, кемшілікті түзетуге тапсырма бердім.

Бірақ, менің тапсырмамнан кейін бағасы қымбат тұрғын үйлер мен офистер кешенін салу үшін "Шымкент Сити" деген жаңа арнайы экономикалық аймақ құру жобасы пайда болды.

Шымкент – миллионнан астам тұрғыны бар еліміздегі үшінші қала. Мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық режимінен саңылау іздеудің не керегі бар? Мен түсінбеймін.

Салық жеңілдіктерін оңтайландырып, оның жалпы көлеміне, жеңілдік алушыларға және оның тиімділігіне қатысты міндетті мониторинг жүйесін енгізу қажет.

Долгосрочную бюджетную устойчивость могут также подрывать косвенные обязательства бюджета. Например, обязательства по ГЧП.

Их у нас появилось великое множество: от строительства автомагистралей до цифровых проектов. ГЧП – это хороший и правильный механизм. Вопросы вызывают бюджетная эффективность и баланс интересов между государством и инвестором.

На 1 января 2020 года объем государственных обязательств по проектам ГЧП превысил 1,2 триллиона тенге. По данным Счетного комитета, на 1 тенге привлеченных инвестиций приходится 1,4 тенге государственных обязательств.

Министерства экономики, финансов, акиматы охотно дают на это свои заключения. Насколько такой подход сочетается с защитой фискальных и экономических интересов?

Этот вопрос правительству предстоит всесторонне изучить.

Пятое. Поддержка отечественного бизнеса

Для поддержки МСБ принят ряд беспрецедентных антикризисных мер.

Значительно снижено налоговое бремя для МСБ. Введен мораторий на проверки малого и микробизнеса.

В рамках госпрограмм снижены ставки вознаграждения до 6%, увеличены лимиты государственных гарантий, сняты отраслевые ограничения.

Вместе с тем все в большем количестве регионов допущено снижение количества действующих субъектов МСБ.

Это произошло в 8 регионах, наибольшее сокращение отмечается в Восточно-Казахстанской, Акмолинской и Костанайской областях.

В рамках инфраструктурных госпрограмм акимы и министры взяли обязательства по 90%-ной доле местного содержания.

Ежегодный объем финансирования данных госпрограмм составляет около 2,8 триллиона тенге. То есть 2,5 триллиона тенге должны влиться в нашу экономику, с соответствующим эффектом на занятость и налоги.

А что на практике?

Нет единой системы планирования, отчетности и учета, жесткой ответственности госорганов и генподрядчиков. Работа региональных комиссий по местному содержанию зачастую ведется для галочки.

Бизнес не знает объемы планируемых работ, номенклатуру необходимых товаров. Утвержденная с учетом местного содержания проектно-сметная документация может меняться очень часто, буквально на ходу. В итоге закупается импорт.

Поддержка отечественных производителей является ключевым элементом антикризисных действий государства.

В каждом регионе данный вопрос должен быть персонально закреплен за заместителем акима. Я надеюсь, что так оно и есть. По итогам года Правительство и Администрация Президента дадут оценку их работе и области в целом.

Вопрос местного содержания необходимо на ежемесячной основе рассматривать на Комиссии по восстановлению экономического роста.

Государственные органы, представляющие некорректную информацию, не решающие вопросы по существу, будут привлекаться к ответственности.

НПП "Атамекен" должна работать в тесном взаимодействии с Правительством.

Для обеспечения институциональной поддержки следует завершить работу по запуску единого сервиса "Правительство для бизнеса".

Уже в сентябре данный сервис вкупе с элементами "умного регулирования" должен полноценно функционировать.

В последнее время в мой адрес идет рост жалоб со стороны бизнеса на иски налоговых органов по признанию сделок недействительными.

Мною было поручено создать интегрированную базу данных, дающую возможность проведения самостоятельной проверки своих контрагентов.

Пока это не исполнено ни на законодательном, ни на практическом уровне.

Это и ведет к административному прессингу фискалов.

Данную работу нужно завершить до конца года. Налоговое и таможенное администрирование – важные инструменты фискальной политики, но очень важно достичь баланса.

От органов госдоходов ожидаю конструктивного диалога с НПП "Атамекен" и бизнес-омбудсменом. Но и палата не должна переходить через край, нужно добиваться разумного баланса интересов бизнеса и государства.

Алтыншы. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және қоршаған ортаны қорғау

Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді.

Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, бірақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті.

Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты.

Астық сақтайтын заманауи инфрақұрылымның болмауы да – түйткілді мәселе.

Сондықтан, диқандар өнімдерін егістік алқабында сатуға мәжбүр. Кейде, тіпті, ысырап болатын жағдайлар да кездеседі.

Солтүстік Қазақстан (18%), Түркістан (21%) және Алматы (25%) облыстары көкөніс қоймаларымен нашар қамтамасыз етілген.

Әрине, бұл, ең алдымен, фермерлердің жеке мәселесі екені белгілі.

Бірақ, мемлекеттік органдар ынталандыру шараларын ұйымдастыруы керек.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық мәселе екенін тағы да ескертемін.

Сондықтан, Үкімет пен әкімдер бұған тиісті деңгейде көңіл бөлуге тиіс.

Ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті нашар дамыған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнімді экспортқа шығару жоспары 85 пайызға орындалған.

Осы ретте, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2025 жылға қарай 2,5 есеге ұлғайтуды Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты етіп белгіледік.

Сауда және интеграция министрлігі тарапынан экспортқа тиімді көмек беріліп жатқаны байқалмайды.

Қайта өңдеу секторын дамытпаса, агроөнеркәсіп кешенінің өсімі бұрынғы деңгейде қала береді.

Мемлекеттік қолдау шаралары осы салаға бағытталуға тиіс.

Азық-түлік өнеркәсібін дамыту құзыреті жақында Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

Министрлік шикізат және өңдеу секторларын дамытудың біртұтас тәсілін енгізуі керек.

Жер – ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі факторы.

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз қажет.

Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды.

Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

Бірақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіспіз.

Осыған орай, жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен бірге кеңінен талқылау керек. Барлық ұсыныс жария түрде ашық талқылануға тиіс.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырамын.

Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік.

Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды.

Менің ұстанымым – айқын. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Әйтпесе, жерді игеріп, жұмыс істей алатын адамдарға береміз.

Сондықтан, бұл саладағы түгендеу ісін осы жылдың соңына дейін толық аяқтау қажет.

Медленными темпами ведется цифровизация земельных отношений.

Правительством до сих пор не создана Единая национальная база данных о земельном фонде и объектах недвижимости.

Это коррупциогенная сфера. Понятно, что не все заинтересованы в прозрачности в этом вопросе.

Работа по наполнению геопорталов регионами ведется несистемно. Не хватает методологической и координационной поддержки со стороны Правительства.

В Жамбылской, Кызылординской и Северо-Казахстанской областях готовность геопорталов составляет, по нашим данным, менее 10%.

Не внедрен единый Реестр очередников на получение земельных участков для ИЖС.

Правительству предстоит внести в Парламент проект закона по цифровизации земельных отношений до 15 сентября 2020 года.

Уже сейчас следует подготовиться к своевременной уборке урожая, причем в условиях возможного сохранения отдельных ограничений.

Нам нужно заниматься проблемами экологии, которые становятся все более актуальными с общественной точки зрения.

Ежегодно образуется свыше 5 миллионов тонн твердых бытовых отходов. Доля их переработки по стране составляет только 15%. Это недостаточно. Например, в странах Европейского союза средний уровень - 30%.

Низкая доля переработки отходов отмечается в Акмолинской (3%), Восточно-Казахстанской (3,3%), Западно-Казахстанской (8,6%) областях.

Правительству необходимо ускоренно обеспечить законодательную базу и благоприятные инвестиционные условия для внедрения технологии "Waste to energy".
Не решаются проблемы со стихийными свалками вокруг населенных пунктов. Проведение разовых рейдов, наложение штрафов, экологических месячников дают небольшой эффект. Нужна системная работа со стороны Министерства экологии.

Я обращаюсь к министру образования А. Аймагамбетову, нам нужно в школах ввести предмет экологического образования детей. Смотрите, что делается, после себя люди оставляют сотни килограммов, если не тонн бытового мусора. Это отсутствие общей культуры. Людям на протяжении целого ряда лет не объясняли, что природу ни в коем случае загрязнять нельзя.

Во-вторых, это отношение к животному миру. Недавно произошел инцидент в Актау Мангистауской области: камнями и палками забили тюленя. Это дикость просто. С другой стороны, винить детей и подростков в этом нельзя. Потому что им никто не объяснял в школе и тем более дома, что этого делать нельзя.

Я думаю, что вопросы обеспечения населения качественной питьевой водой будут находиться в зоне внимания Правительства и акимов. Это стратегическая задача для Казахстана.

Жетінші. Әлеуметтік сала

Біз әрдайым бұл саланы басты назарда ұстаймыз.

Тек биылдың өзінде зейнетақы мен жәрдемақыны екі рет индекстедік.

Биылғы 1 маусымдағы дерек бойынша зейнетақының орташа жинақтық мөлшері 16 пайызға, яғни 99 мың теңгеге дейін өсті.

Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда төленетін төлем 69 пайызға, асыраушысынан айрылғанда төленетін төлем 41 пайызға, ал жұмысынан айрылғанда төленетін төлем 44 пайызға артты.

Қанша табыс табатынына қарамастан, көпбалалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Бұл жәрдемақы балалары бар 400 мыңға жуық отбасыға қосымша қолдау болды.

Менің тапсырмам бойынша биылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі іске қосылды.

Осындай күрделі кезеңде мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететіні анық.

Сондықтан, министрлікке осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын.

Сегізінші мәселе. Сапалы цифрландыру

Пандемия цифрлық экономикадағы елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды көрсетті. Дегенмен, дамуға тың серпін берді.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қайта қарап жатыр. Ондағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктердің бәрін жөндеу керек.

Үкіметке жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын.

Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 80 пайызы автоматтандырылды.

Жыл соңына дейін бұл цифрды 90 пайызға дейін жеткізу қажет. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер сапалы болуға тиіс.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жуырда өткен отырысында білім саласындағы мәселелер мен міндеттерді егжей-тегжейлі талқыладық.

Сонымен қатар, қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті.

Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды Интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады.

Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады.

Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі.

Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс.

Онлайн оқыту ісі отандық оқу-ағарту ресурстарының пайда болуына тың серпін берді.

Бүгінде 380-нен астам осындай ресурс тегін трафикке қосылды. Бұл – жақсы тәжірибе. Дегенмен, әлі жеткіліксіз.

Білім беру мекемелері үшін жеңілдетілген бөлек тарифтік жоспар қарастырылуы қажет.

1 сентября начинается новый учебный год. У меня есть сомнения в готовности министерства к этому событию. Я обращаюсь ко всем министрам и акимам: начало учебного года ни в коем случае сорвать нельзя. Во-вторых, все недостатки, которые были обнаружены в ходе борьбы с пандемией, в частности, обеспечение компьютерами и другими техническими средствами. Полтора месяца осталось.

Половина лета прошла, будь это министры, акимы и сотрудники аппарата Президента: никаких отпусков. Потому что ситуация чрезвычайная.

Уважаемые коллеги!

Хочу затронуть еще один актуальный вопрос.

Борьба с пандемией требует напряжения всех сил, инициативности, принятия на себя ответственности, лидерства.

В рамках режима ЧП оперативно принятые решения по упрощению бюрократических процедур в сферах бюджетирования, госзакупок дали свой результат.

Стандартный процедурный порядок рассчитан на спокойное время. Сейчас мы находимся на войне, без преувеличения.

Поэтому от каждого руководителя требуется максимальная эффективность в решении оперативных вопросов и поручений. Не стоит бегать от ответственности и заниматься бюрократией.

Что мы видим? Решения по существу принимаются, но их реализация следует обычной забюрократизированной процедуре. На практике в это время ничего не происходит. Теряется время и актуальность.

Прошу Правительство в пятидневный срок подготовить правовой алгоритм принятия оперативных решений в части борьбы с пандемией и ее последствиями. Такого рода решения должны приниматься и реализовываться в срок в течение суток, максимум – двух суток.

Реалии текущего момента требуют четких решений и действий и от правоохранительных органов.

На прошлом заседании я говорил о том, что апатия и безынициативность государственных органов в значительной степени результат пристального, иногда предвзятого отношения правоохранительных органов.

Нам нужны смелые, быстрые решения. Поэтому правоохранительные органы должны относиться к этому моменту с пониманием, не давать волю своим подозрениям.

Разумеется, законность должна быть абсолютным приоритетом. Особенно в части, касающейся коррупции. Эту задачу с повестки дня никто не снимал.

Допускать правонарушений нельзя. Это моя принципиальная позиция. В это трудное время следует сосредоточиться на нарушениях, наносящих реальный ущерб бюджету, экономике и безопасности граждан. Нужна работа по предупреждению нарушений.

Құрметті әріптестер!

Мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуға тиіс.

Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылық пен бюрократизмге жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.

Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар.

Я скажу откровенно: во время подготовки данного заседания мне советовали уволить некоторых первых руководителей регионов и ведомств, даже отправить в отставку все Правительство. Мол, это будет хорошо воспринято обществом, очки, мол, наберете. Мне очки совершенно не нужны.

Я готов слушать и слышать ответственных людей, но играть на публику не собираюсь. Не в том, как говорится, возрасте и положении.

Выговоры и замечания некоторые акимы уже получили. В принципе, такого наказания заслуживают, возможно, и другие руководители областей и министерств.

Но мы находимся в критической фазе социально-экономического развития.

Нужны умелые, самоотверженные действия Правительства и акимов по выходу из кризиса, который будет только обостряться. Это прогноз по мировой экономике, а Казахстан является ее частью.

Но это не значит, что не будут задействованы резервные кадры.

Жаңа экономикалық бағдар туралы бірер сөз айтқым келеді. Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық.

Мен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын.

Бұл барлық ведомстволардың алдағы уақытта атқаратын маңызды міндеті болмақ.

Кризис, вызванный пандемией, еще до конца не осмыслен с точки зрения его последствий для мировой экономики и социального положения граждан.

Для Казахстана кризис крайне опасен в силу сырьевого характера нашей экономики. Нам нужен новый курс со всеми его атрибутами.

Надо понимать, что диверсификация экономики - это нужный, но долгий процесс, его упрощать при помощи программ не надо.

Распылять средства и силы на сомнительные стратегии и программы у нас нет права.

Настало время структурных реформ с целью повышения эффективности и конкурентоспособности национальной экономики.

Особого внимания заслуживают здравоохранение, образование, низкоуглеродные технологии, НИОКР, экология.

Другими словами, мы должны повернуть экономику лицом к народу.

В этом плане особое значение приобретает сельское хозяйство.

Нужно забыть о поддержке неэффективных отраслей, предприятий и банков.

Кризис показал социальные диспропорции в нашем обществе, скепсис и недоверие граждан к местным и центральным властям.

Наш госаппарат и в целом система госуправления серьезно отстали от веления времени. Идеологическому аппарату тоже не хватает знаний, опыта, креативности, смелости.

Нужна перестройка госуправления. Она станет частью политической реформы, предусматривающей значительное усиление местного самоуправления.

Без такой реформы, убежден, мы не сможем придать реальный импульс социально-экономическому развитию страны. Об этом я подробно скажу в Послании народу.

Сейчас же становится все более важной задача подбора кадров для выполнения качественно новых задач.

Новый курс предусматривает новых исполнителей - образованных, решительных, инициативных, деловых и честных.

Мемлекеттік аппаратқа білімді, білікті, ойы ұшқыр, адал мамандар керек. Бізде осындай азаматтар жеткілікті ме?

А теперь задумайтесь: соответствует ли присутствующая здесь команда указанным критериям. Полагаю, члены Правительства, акимы трезво оценят свои возможности. Хотя с самокритикой у нас зачастую бывает всегда трудно, и примут решение на пользу государства. Жиын аяқталды.

Новости Казахстана. Сегодня и прямо сейчас. Видео и фото. Подписывайся на @tengrinews в Telegram

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная