Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 мая 2018 12:40

Отан қорғаушы күні қайсар қыздарымызға да ортақ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік парадта сөйлеген сөзінде ер азаматтармен қатар сап түзеген қайсар қыздардың үлесін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік парадта сөйлеген сөзінде ер азаматтармен қатар сап түзеген қайсар қыздардың үлесін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Армысыздар, әскерлер! Қымбатты, қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар, қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Ұлы Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баһадүр бабалар Ұлы даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. "Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді" деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздіктің қорғаны болу - мәртебелі, зор міндет. Жау жүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ, ол абыройлы борыш, қастерлі парыз! Қарулы күштеріміз - халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны!", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Жауынгерлік ту туған жерге адалдықтың, ерлік пен батылдықтың нышаны болып табылады. Қасиетті байрақ рухы биік, ержүрек сарбаздарды әрдайым жеңіске жетелейді. Бауыржан Момышұлының "батырлық өскен ортаға, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады" деген сөзі бар. Азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әскери дәстүр маңызды роль атқарады. Әр сарбаз Отан қорғаушы ретінде өзінің ел алдындағы ерекше жауынгершілігін сезінуге тиіс. Қарулы күштеріміз, жігерлі жігіттерімізбен қатар аяулы аруларымыз да әскери қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Сондықтан, бүгінгі мереке ер азаматтармен қатар сап түзеген, қайсар қыздарымызға да ортақ. Мемлекет Отан қорғаушыларға ерекше қамқорлық көрсетіп келеді, көрсете береді де. Өткен жылы әскери қызметкерлердің  жалақысы 25 процентке артты. Әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін өз ретімен тауып жатыр. Мұның бәрі Қарулы күштер сарбаздарының ар-намысы мен айбынын арттыруға жол ашады. Сондықтан, мен сіздерді әскери антқа адал болады деп сенемін", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы барша қазақстандықтардың атынан ардагерлерге алғыс айтты.

"Құрметті, қауым! Бірер күннен кейін баршамыз 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл жеңіске біздің ардақты ардагерлеріміз өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі ұрпақ жеңімпаз майдангерлерімізге мәңгі қарыздар. Барша қазақстандықтар атынан ардагерлерімізге мың да бір алғыс айтамын! Өшпес даңқ пен өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына әрдайым бәріміз берік болайық! Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, бақ-береке тілеймін! Мерекелеріміз құтты болсын! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасасын! Ура!", - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Отар" әскери базасының полигонында Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру өтті. 

Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысты.

Полигонда барлық облыстың және Астана мен Алматының әкімі бар. Сценарий бойынша, парад екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде әкімдерге аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етіледі. Ту табыс етілген соң, дәстүр бойынша, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтеді, олардың қатарында ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, сонымен қатар, аумақтық әскер қызметкерлері бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети