Отандық жұлдыздар боянатын ер адамдарға қатысты ойын айтты

26 июня, 22:03
0

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Нәзік еркектер" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама барысында  Skype-қа шыққан отандық жұлдыздарымыз өз ойларын бөлісті. Солардың бірі - Мәдина Сәдуақасова. Ол осыдан бірнеше күн бұрын өзінің Instagram желісіндегі парақшасына мейк-ап жасайтын жігіттің суретін қойып, үлкен дау дамайға қалған еді. Ол "жігіт қасын бояйды,өзі де боянып жүреді" деп Атамас деген есімді бет әрлеуші жігіттің суретін салған болатын.

Ал бүгін әнші сол жігітке қатысты ойын Skype арқылы айтты.

"Яғни, боянатын жігіттерге еш қарсылығым жоқ. Олар қыздарға қарағанда жақсы бояндырады,онда тұрған ештеңе жоқ.  Бізде көптеген визажист бар ғой. Олар бөлінбейді - әйел адам, ер адам деп. Олардың әрқайсысы маман иесі. Владимир болсын, тағы Санди бар қыздардың ішінде. Сондықтан да мен оларды бөліп жармаймын. Сол сияқты киім тігетін стилистер де бар. Мысалы, Наиль бар. Ол ер адам болса да, қыз баланың дене бітімін, сәннің не екенін өте жақсы біледі. Өзі де көрікті сұлу жігіт”, - деді Мәдина Сәдуақасова.

Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақасова Владимир Атамастың суретін салған соң қолданушылардың жағымсыз пікірлер жазғанын жоққа шығармады.

"Иә, жағымсыз пікірлер жазды. Сосын мен кейін тағы бір пост шығардым. Қалай болсын ер адам ба ол, әйел адам ба - міндетті түрде өзіне қарау керек деп ойлаймын", - дейді әнші.

Ал Бейбіт Қорған сахна адамы ғана болғандықтан бетін, шашын күтетінін айтты.

“Жігіт болған соң  жігітше жүру керек қой,егер ол қарапайым адам яғни сахна адам болмаса жәй тиянақты киініп таза жүрсе болды. Жалпы біз ондайға бармайтын адамбыз ғой. Әнші болғаннан кейін және халық алдында жүргендіктен, өзіне қарау керек деп ойлаймын. Маникюр, педикюр дегенге жоқпын. Бірақ енді бетті күту керек деп ойлаймын. Бірақ жасатса жасаса берсін, Өздері біледі ғой. Ал негізі еркек адам еркекше жүргені жақсы ғой”, -  деп күлді Бейбіт.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-декөрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Добавить комментарий
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц