ПОДЕЛИТЬСЯ
14 января 2021 | 12:23
"Отбасы банк" қосымшасы жаңаратын болды
"Отбасы банк" өкілдері қосымшада зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы жылдамдығы артып, жақсарғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Отбасы банк" өкілдері қосымшада зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы жылдамдығы артып, жақсарғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банк мәліметінше, кеше 12 222 қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашып үлгерген.
"Сіздерде пайда болған кейбір қиындықтарды мұқият анықтап, оларды жаңартылған қосымшада түзедік. Біз құжаттарды тану функциясын жақсартып, қосымшаның жылдамдығын арттырдық. ЖССБ 24 қосымшасының жаңартылған нұсқасын Play Market жүйесінен жүктеп алуыңызды сұраймыз. AppStore жүйесінде қосымшаның жаңарған нұсқасы сәл кейінірек қолжетімді болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Отбасы банк" өкілдері арнайы шотты ашу кезінде қандай да бір сұрақтар туындаса, шотты www.hcsbk.kz сайтындағы бейнеқоңырау арқылы ашуға болатынын еске салды.
Айта кетейік, мұның алдында "Отбасы банк" қосымшасында зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы іске қосылғаны хабарланған болатын. Кейінірек бірнеше сағаттан соң төрт мың қазақстандықтың біржолғы зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін арнайы шот ашқаны белгілі болды.
Шот ашуға өтініш беру үшін не істеу керек?
- Порталға кіру, ЭЦҚ-мен авторизациялану және жеке кабинет ашу.
- Ақшаны қандай мақсатта жұмсағысы келетінін белгілеу. Әр мақсаттың өзіндік құжаттар тізімі бар, оларды алдын ала сканерлеу керек.
- Жұмсағысы келетін соманы көрсету керек.
- "Өтінімді қалыптастыру" батырмасын басыңыз.
- БЖЗҚ-ға қаражат сұрату үшін қажетті үш өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.
Зейнетақы жинағының шекті сомасы
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также