03 февраля 2021 16:58

Ойланамыз - Депутат Қазыбек Иса өзін видеоға түсірген журналисті сотқа беру туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Қазыбек Иса. Фото: abai.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан журналиске қатысты шағым жазу туралы әлі ойланатынын айтты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген шағын сұхбатында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан журналиске қатысты шағым жазу туралы әлі ойланатынын айтты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген шағын сұхбатында мәлімдеді.

"Ол кісіге қатысты шағым жазамын ба, жоқ па, әзірге белгісіз. Ойланамыз", - деді Қазыбек Иса. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, депутат денсаулығы жайлы пікір білдірді.

"Қазір денсаулығым жақсы. Грыжа ғой сол. Омбыға барып та емделгенмін. Қазір бәрі ойдағыдай", - деді ол.

Ол алдағы уақытта Мәжіліс отырысында партияның ("Ақ жол" партиясы - еск.) сайлауалды міндеттерін орындайтынын атап өтті.

"Депутат ретінде сайлау алдында партияның алға қойған міндеттерін орындаймыз, халық, мемлекет мүддесін, ең алдымен ұлт мүддесі үшін еңбек етеміз. Соған қатысты мәселелерді көтереміз", - деді Қазыбек Иса.

Еске салайық, Парламент сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін әлеуметтік желіде "мас" деп айыпталған депутаттың видеосы таралды.

"Мас Қазыбек Иса. "Ақ жол" партиясынан жаңа депутат. Бірінші жұмыс күні ішуден басталды. Міне, Үкімет, міне Парламент. Бүгін депутаттар Хилтон қонақүйіне орналастырылды. Бюджеттен 28 миллион теңге бөлінді", - делінген видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актуальные новости КZ и Мира? (@novosti.kz_)

"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев әріптесі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бүгін таңертең әріптесіміз Қазыбек Исамен видео жөнінде фракция мәжілісі өтті. Қазыбек видеодағы жағдайын соңғы күндері қатты шаршағанымен, қысымы 200-ге дейін жоғарылауымен, сондай-ақ омыртқа жарығы салдарынан ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауымен түсіндірді. Ол растайтын медициналық құжаттарды ұсынатынын айтты. Комиссия төрағасына (А. Линник) жағдайды мұқият зерттеп, өз қорытындысын шығаруды тапсырдым", - деді Перуашев.

Депутатты видеоға түсіріп алған журналист Ербол Мәндібек әрекеті үшін кешірім сұраған болатын. Ролик авторының сөзінше, ол "бұл видеоны қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген". 

"Біріншіден кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын. Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз. Ендеше Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді. 

Екіншіден, ескерту, бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын. 

Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен егер қабылдамасаңыз заңда көрсетілген жазаны ер азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын", - деген еді журналист. 

Айта кетейік, Қазыбек Исаны көпшілік мемлекет тіл мүддесі үшін еңбек етіп жүрген тұлға ретінде таниды. Бүгін де Мәжілістің кезекті отырысында "мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен соттардың және көпшілікке қызмет ету мекемелерінде міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі туралы стандарт енгізу" туралы ұсыныс айтып, премьер-министр Асқар Маминге депутат сауалын жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram