ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Павлодар облысының тұрғыны коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

Даурен Ерболат Журналист
Павлодар облысының тұрғыны коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов өңірде бір адамның коронавирусты қалай жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, науқас Нұр-Сұлтан қаласында қауіпті індетті жұқтырған адаммен байланыста болған.

"27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылғы тұрғынында коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған дейін ер азамат Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланысқа түскен. Науқас бекітілген алгоритмге сәйкес, инфекциялық госпитальге жатқызылды", - деді Біржан Досмаилов.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты екенін жеткізді.

"Оның жағдайы бірқалыпты. Дене температурасы тиісті деңгейде. Ол денсаулығына шағымданған жоқ", - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 125-ке жетті. Бір адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
ОТПРАВИТЬ
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама