22 декабря 2023 | 09:24

Павлодардағы бас шыршаның бағасы құзырлы орындардың назарын аудартып отыр

Фото: Massaget.kz

52 миллион теңгеге шырша сатып алған Павлодар қаласы әкімдігі тағы да шудың астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

52 миллион теңгеге шырша сатып алған Павлодар қаласы әкімдігі тағы да шудың астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Биыл жергілікті билік он жылдан артық уақыт пайдаланып келген Павлодардың бас шыршасын ауыстырып, орнына биіктігі 30 метр жаңа шырша орнатып жатыр. Алайда, оның бағасы әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында түрлі пікір тудырған. Ал, Павлодар қаласының әкімі жұмсалған қаражаттың қаншалықты лайықты екенін дәлелдеп, жазба қалдырды.

Реклама
Реклама

"Павлодар жаңа жыл қарсаңында безендіріліп жатыр. Жарық иллиюминациялар мен қысқы сырғанақтарды орнату басталды. Ал, орталық алаңда бас шыршаны құруға кірісті. Биыл жаңа жылдың басты белгісін жаңарттық. Сәукелені еске түсіретін 30 метрлік шырша, ұлттық өрнегі бар жарықтандыру элементтерімен, 130 қар түйіршіктерімен, 3000 шамнан тұратын мерекелік гирляндтарымен және 534 метрлік неон жолағымен безендіріледі", - дейді Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков.

Шенділер бұрынғы шыршаның ескіргенін айтып, оны Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры алдындағы алаңға орнатып қойдық дейді. Бұдан бөлек, мұз қалашық салуға тағы 53 миллион теңге бөліпті.

Еске салайық, 2013 жылды қарсы аларда Павлодар қаласының әкімдігі 38 миллион теңгеге шырша сатып алып шулатқан еді. Кейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган тексеріп, соңында сол кездегі қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов орнынан кетіп тынған. Антикор бұл жолы да "қаржының қаншалықты мақсатты жұмсалғанына тексеру жүргіземіз" дейді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная