13 июля 2020 | 15:32

Пневмониясы бар науқастар неге демігеді? Дәрігер түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©REUTERS

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова коронавирус пандемиясы кезінде пневмониясы бар науқастарда неге ентікпе пайда болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова коронавирус пандемиясы кезінде пневмониясы бар науқастарда неге ентікпе пайда болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Профессор қазақстандықтарға өте сақ болуға кеңес берді.

Реклама
Реклама

"Елімізде коронавирус инфекциясының өршуі вирустың тез таралуымен байланысты. Пульмонолог дәрігер ретінде өкпенің зақымдануына назарларыңызды аударғым келеді. Себебі коронавирус кезінде өкпеге зақым келеді. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы кезінде пневмония өршіп тұр. Оның себебі вирус төменгі тыныс алу жолдарын жай зақымдап қана қоймайды", - дейді медицина ғылымдарының докторы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда дәрігер кейбір науқастарда коронавирус ринит, фарингит ауруларын қоздыратынын жеткізді.

"Егер вирус төменгі тыныс алу жолдарына түссе, пневмония пайда болады. Алайда аурудың морфологиялық картинасы оның әдеттегі пневмония емес екенін көрсетеді. Мұнда геморрагиялық синдром байқалады. Өкпенің тамырлары, қыл тамырлары (капилляры) қабынады, қан қоюланады. Сондықтан науқастарда ентікпе пайда болады. Оларға ауа жетіспейді. Күрделі жағдайда науқаста өткір респираторлы дистресс синдромы пайда болады. Дәрігерлер оларды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр", - деді Сәуле Қасенова.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас жазылды, 375 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram