ПОДЕЛИТЬСЯ
25 августа 2023 | 06:30
"Полиция қауқарсыз!" Көпқабатты тұрғын үйлердің өрт сөндіргіш құралдары тоналып жатыр
Алматыда белгісіз біреулер көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі өртке қарсы 200-ге жуық құралдарды үптеп кеткен. Пәтердің қоңырауын басып қарап, бірі ұрлап, екіншісі аумақты бақылап тұрған әккі ұрылардың әрекеті тұрғындар орнатқан бейнекамераға түсіп қалған. "Алатау сити" тұрғындарының айтуынша, құзырлы органдар өз қызметін дұрыс орындамайтын көрінеді. "Барлық қабаттағы өртке қарсы құралдар ұрланып бітті" деген тұрғындармен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бұл оқиға Мадинаның дәл есігінің алдында болыпты. Тұрғынның сөзінше дәл сол күні үйінде болмаған. Ұрылар соны білді ме екен, әйтеуір 11-қабаттағы өртке қарсы құралдарды қолды қылған. Бұл оқиға тұрғындар орнатқан бейнекамераға түсіп қалыпты.
"Полиция бізде мүлдем жұмыс жасамайды. Шақырсақ мүлде келмейді. Барлық қабатта ұрланып бітті. Құдай сақтасын әрине. Өрт бола қалса не істейміз сонда? Бұл менің дәл есігімнің алдындағы камераға түсіп қалған. Өзім сол күні басқа қалаға демалуға бара жатқанмын", - дейді ол.
"Алатау сити" тұрғын үй кешенінің төрағасы бұл мәселе бойынша құзырлы органдарға 2 мәрте арыз түсіргенін айтты. Алайда ешқандай тергеу жұмыстары жүргізілмеген.
1-маусымда Алатау аудандық ішкі істер бөлімі басшысына барып, белгісіз біреулер өртке қарсы құралдарды ұрлап жатыр деген арыз шағым түсірдік. Алайда ешқандай тергеп-тексеру шаралары қолданылмады. Содан кейін тұрғындардан бейнежазбаны алдырып, үш адамды әуперімдеп жүріп ұстады. Алайда тергеу шаралары жүргізілді ме, ұрыларға қандай шара қолданылып жатқаны айтылмады. Оның үстіне ұрлық фактісі көбейе берді. Содан кейін 2-тамыз күні тағы бір мәрте арыз түсірдік. Келіп тексереміз деді. Алайда ешкім келіп тексермеді. Осылайша ұрыларымыз айлакер, полициямыз қауқарсыз болып тұр" - дейді Баян есімді "Алатау сити" тұрғыны.
Пәтер иелерінің кооперативі өкілдерінің айтуынша жалпы саны 200-ге тарта су құбыры ұрланыпты. Алайда полиция өкілдері тұрғындар жіберген бейнежазбаға ғана иек артып, 4 данасын ғана орнына қойып беретіндерін жеткізген. Ал құзырлы органдар тергеу шараларын жүргізем десе "барлық мүмкіндікті жасап беруге дайынбыз" дейді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также