22 мая 2020 | 13:09

"Президент әкімшілігінен өтініп сұраймын". Журналист жалған ақпаратпен қалай күресу керегін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Думан Смақовтың жеке архивінен алынды

Қазіргі таңда Интернетте және әлеуметтік желіде фейк ақпарат көбейіп кеткенін байқауға болады. Cалдарынан адамдар шын ақпарат пен жалған мәліметті ажырата алмай жатады. Ал кейбір тұрғындар мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын да білмейді. Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов фейк ақпаратты кімдер таратанын, оны қалай тексеруге болатынын, жалған мәліметтің құрбанына айналмау үшін не істеу керегін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі таңда Интернетте және әлеуметтік желіде фейк ақпарат көбейіп кеткенін байқауға болады. Cалдарынан адамдар шын ақпарат пен жалған мәліметті ажырата алмай жатады. Ал кейбір тұрғындар мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын да білмейді. Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов фейк ақпаратты кімдер таратанын, оны қалай тексеруге болатынын, жалған мәліметтің құрбанына айналмау үшін не істеу керегін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Журналистің айтуынша, жалған ақпарат көбіне төтенше жағдай кезінде немесе халық арасында қандай да бір түсінбеушілік туындаған кезде жиі тарайды. Оны белгісіз топтар өз мүддесі үшін таратуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Мысалы, коронавирус пандемиясында байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта, Қордайдағы қақтығыста, Мақтаарал ауданын су басқан кезде жалған ақпарат көп тарады. Кез келген фейк ақпаратты таратудың ең басты мақсаты - адамдардың эмоциясына әсер етіп, оларды адастыру. Өйткені, оқырмандар немесе тұрғындардың қателесуі белгісіз топтар үшін тиімді болуы ықтимал", - дейді Думан Смақов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бұл мәселеге қатысты өзге де сұрақтарға журналист Думан Смақов жауап берді.

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews) 21 Май 2020 в 5:44 PDT

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылады"

Ол "Фейк мәліметті кім таратады?" деген сұраққа жауап іздеген кезде әр адам жауапкершілікті сезінуі қажет деген пікірде. Себебі, елімізде жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл төлеуден бастап 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

"Тұрғын ақпаратты таратпас бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша "қылмыстық жауапкершілікке тартылмаймын ба?" деп ойлануы керек", - дейді журналист. 

Думан Смақов жалған мәліметті қалай тексеруге болатынына тоқталды. 

"Соңғы уақытта елімізде тараған фейк ақпараттың басым бөлігі вакцинацияға және COVID-19 вирусына қатысты болды. Оның рас-өтірігін қалай тексеруге болады? Алдымен мәліметті ресми органдардан қарауымыз керек. Неге? Алып-қашпа әңгіме, күмән тудыратын ақпарат, эмоцияға әсер ететін ресурстар сенімді дереккөз бола алмайды. Көп жағдайда бұл ресустар адамдарды адастыруы мүмкін. Есіңізде болсын, үкімет ешқашан өз азаматтарының денсаулығын қатерге тікпейді", - дейді ол.

"Қазақстандықтар да өз үлесін қоса алады"

Сондай-ақ, журналист қазақстандықтар әлеуметтік желіде фейк ақпаратпен өздігімен күресе алатынын да атап өтті. Оның айтуынша, егер тұрғын Instagram, Facebook әлеуметтік желісінен жалған ақпарат көрсе, "шағым түсіру" ("пожаловаться") батырмасын басуы керек.

"Сонымен қатар, Instagram-да "дезинформацияны тарату" ("распространение дезинформации") немесе Fake news бөліміне кіріп, оны белгілейсіз. Желі әкімшілігі бұл жазбаны өшіреді немесе аккаунттың иесіне "Жазбаңызға көп шағым түсіп жатыр, оны өшіруге кеңес береміз" деп хат жібереді. Кей жағдайда жазбаны Қазақстан аумағында көрсетуден алып тастайды. Осылайша, қазақстандықтар жалған мәліметтің ары қарай таралмауына өз үлесін қоса алады", - дейді Смақов.

"Президент әкімшілігінен өтініп сұраймын"

Журналист фейк ақпаратпен күресу үшін мемлекет ақпараттық саясатты қайта қарауы керек деген пікірде. Смақовтың бұл мәселеге қатысты өз айтары бар.

"ҚР Президент әкімшілігінен және ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан өтініп сұраймын. Кез келген мемлекеттік орган ақпараттық саясатын қайта қарауы керек. Олар оқыс оқиға болса, 1-2 сағат ішінде тиіс ақпарат беруі қажет. Егер олай болмаса, мемлекеттік органға қандай да бір әкімшілік жаза немесе сөгіс жариялануы керек сияқты. Бұл жағдай елімізде фейк ақпараттың таралуына сәл де болса тосқауыл қояр еді", - дейді ол.

Оның пікірінше, тиісті ресми ақпараттың берілмеуінен Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде жалған мәлімет тарап кеткен.

"Арнайы пән енгізілуі керек"

Думан Смақов мектептер мен университтерде арнайы пән енгізілуі керегін айтады. Бұл халықтың медиа сауатын арттыру үшін қажет.

"Қазіргі таңда медиа сауат өте маңызды. Сондықтан 9-10 немесе 11-12 сыныптарда және жоғары оқу орындарында медиа сауат пәнін енгізу керек. Өйткені, бұл шетелде бар практика. Ақпараттық сауат бұл оқырманды жалған ақпаратқа сенбеуге, оның манипуляция құрбанына айланып кетпеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін журналист.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная