ПОДЕЛИТЬСЯ
30 марта 2020 | 12:37
Президент тапсырмасы: бүгін медицина қызметкерлеріне сыйақы беру басталады
Бүгін медицина қызметкерлеріне сыйақы беру басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін медицина қызметкерлеріне сыйақы беру басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін қаржылық қолдау пакеті бекітілгенін хабарлады. Ол бастаманы біз қолға алдық. Бүгіннен бастап коронавируспен күреске жұмылдырылған тиісті медицина мекемелеріндегі жұмыскерлерге сыйақы беріледі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы коронавирус індетімен күресіп жүрген дәрігерлерге қаржылай көмек көрсету жөнінде тапсырма берген.
Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 293-ке жетті. 6 қала карантинге жабылып, Ақтауда ерекше режим енгізілді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также